Азаматтық бастамаларды қолдау қоры Ашаршылықты "геноцид" деп тануды қолдады
2020 ж. 17 маусым
1408
0
[caption id="attachment_147778" align="aligncenter" width="696"] Фото: Informburo.kz[/caption]
Азаматтық бастамаларды қолдау қоры (АБҚҚ) «Ақ жол» партиясының Ашаршылықты («Ұлы жұт») геноцид деп тану туралы бастамасына қолдау білдірді.
Еске сала кетейік, осы жылдың 3 маусымында «Ақ жол» фракциясы Президенттің саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жөніндегі комиссия құру туралы тапсырмасын қолдау мақсатында депутаттық сауал жолдады және оның жұмысына қатысуға әзір екендерін білдірді.
Сонымен қатар, «Ақ жол» демократиялық партиясы тарихи әділеттік үшін қазақ жерінде тоталитарлық большевиктік билік ұйымдастырған «Ұлы жұтқа» (ашаршылық) құқықтық баға беру қажет деп санайды. Халыққа қарсы жасалған қастандық оқиға – ашаршылық 4 миллионнан астам адамның немесе халықтың 70% өмірін қиды. «Ақ жол» депутаттары ҚР СІМ Ашаршылықты геноцид деп тану жұмыстарын халықаралық деңгейде, БҰҰ, ЕҚЫҰ, АҚШ Конгресі, Европарламент және тағы басқа халықаралық ұйымдарды қосумен бастауға шақырды.
Азаматтық бастамаларды қолдау қорынан келіп түскен сауал-үндеуде «Ақ жол» партиясының ұстанымына тілектестік ниетін білдірілген.
Қор депутаттарға Ашаршылық тақырыбын қолдау үшін кезінде Украина ашаршылығына ниет білдірген ел парламентіне шығуды, БҰҰ Жалпы мәлімдеме қабылдауына қол жеткізуді (Қазақстан Украинаға қатысты осындай мәлімдемеге қол қойған), Парламентте қоғамдық тыңдаулар ұйымдастыруды, 1922 -1923 және 1932-1933 жылдардағы Қазақстандағы Ашаршылық туралы заң жобасын әзірлеуді ұсынды.