Аида Балаева: Білікті кадрларды даярлаудың нақты жүйесін жасаймыз
2020 ж. 05 маусым
1457
0
Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева отандық БАҚ саласын дамыту мәселелеріне арналған дөңгелек үстел жиынында Ұлттық жоспар аясында отандық ақпарат кеңістігін дамытудың бір бағыты ретінде адами капиталды дамытуды атады.
Бұл туралы "Қазақ үні" апқарат агенттігі хабарлайды.– Ең алдымен бұл кадрларды даярлау жүйесіне қатысты мәселе. Бұл жерде әңгіме кадр сапасына баға беруде емес, жаңа да жасампаз жол іздеп, деңгейін көтеруде. Жасыратыны жоқ, дәл қазіргі кезде бізде экономика, медицина, қаржы жүйесі және тағы да басқа күрделі тақырыптарды алып жүретін білікті журналистер жоқ. Редакциялар мұндай міндетті жалпы тәжірибесі бар мамандарға жүктеуге мәжбүр. Нәтижесінде, сапасыз контент, қате ақпарат тарап жатады. Сондықтан да бұл мәселелерді шешуде Ұлттық жоспар аясында құрылатын мультимедиялық білім беру тұғырнамасы үлкен роль атқаратын болады, – Аида Балаева.
Министр осының ішінде жас мамандарға арналған гранттық бағдарламаларды ерекше атап өтті. Оны әзірлеуге және іске асыруға журналистика және білім беру саласындағы жетекші сарапшылар тартылмақ.