БЕРМУТ ҚҰПИЯСЫ

Редакциядан: Есік қорғанынан табылған Алтын адам жазуларын отыз жылға жуық уақыт зерттеп, құпиясын физика-математикалық әдіспен ашқан тұңғыш физик Мағрипа Жылқыбаеваның дүниеден озғанына бір жыл өтті. Оқырманды ғалымның адамзатты осы күнге дейін таңырқатып келе жатқан Бермут құпиясы туралы ойлары да қызықтыратыны анық.

Атлант мұхитындағы «Бермут үшбұрышы» аталған аумақта ғасырлар бойы кеме апаты жиі болды. Оның өзі де екі түрлі көріністі: 1.Кеменің белгісіз бағытта тұтас жоғалуы. 2.Кеме сау қалып, тек қана оның үстіндегі жолаушыларының ізсіз кетуі. Осындағы кеме капитаны жазған жол дәптердің соңғы сөйлемі аяқталмай қалған оқиға жиі. Алайда, кемеде болған ит сау қалады. Жолаушылардың жеке заттары да дін-аман, қозғаусыз тұрады. Кемедегі жұмыр бастыларға кездесе беретін әртүрлі басқа апаттардан ерекше бұндай тосын жағдай қашаннан бері белгілі деп, нақтылай алмайсың. Ондайдың өткен-кеткен тарихынан гөрі өте-мөте актуалдысы оқиғаның өту себебінде тұр. Осыны неше ғасыр зерттесе де, «Бермутпен» байланысты шындық ашылар емес. Иә, «Бермут» аралына барып, керіле жатып оны әлі талай зерттерсің. Немесе оған тақау тұрған үлкен жердің кең жағалауында жүріп, ұзақ-сонар бақылай бер. Бақылай тұрып, үш-төрт жыл бойы ойланып-толған. «Бермут» үшбұрышы сізге бәрібір де өз сырын ашпасы анық. Оның бұндай жұмбақты тағдыры планетаралық өріспен байланысты. Соған ақыл-ойы жетпеген европалық зерттеушілер жалған ермекке алданғанын түсінбей, неше ғасырды босқа жіберді. Ерекше түрде белсеніп шыққан АҚШ-тық зерттеушілер анау. Жағалауда жатып, үш жылды өткізді де, ойдан құралған материалмен бірер кітапты оқырманға ұсынды. Әлгі, «Айға барып келген» «Аполлон» мен «Союз» кемелерінің космостық жаңалықтары секілді бұлар «Бермут үшбұрышына» да лайықты ақпаратты ойлап тауып, жай халықты сонымен қуантуда. Десек те, осындай жалған сенсация кейбір империяға жарасымды-ақ. Бүгінгі прогресс иесіне ондай өтіріктер айып емес секілді. Өйткені, ғылымды ет пен теріден өткізіп барып, жан-дүниемен түсінген адам баласы емессің. Соған қарамай, сізді мынау прогресте көркейтіп жатқаны долларға жалданған эммигранттық мидың ермегі. Ұзын сирақты қалауынша көсілдіріп қойған иен дала баяғы Атати Шетки жұрттың тең жері еді. Ацтектің бәрін қырып салып, 1777 жылы жалауын желбіреткен мықты держава жаңа эраның көркі секілді. Әйтсе де, іргедегі «Бермуттың» физикалық құпиясын ашуға ақыл-ойдың жетпегені зор айып. Сол себептен де бұл «үшбұрыш» қару-жарағы көп кемелі державаның бәріне де апатты боп, әлі жатыр. Ұшқыр атқыштардың нешеуі сонда жоғалды? Бұнысы айтылмайтын әскери құпия. Техникалық күшті мемлекеттердің бүгінгі адамзаттан жасыруға келмес кемшілігі тек қана ғылым мен білімдегі олқылық. Бажайлаған кісіге оның бәрі лек-легімен ашылып жатыр, әне. Жалпы түрдегі дүниетаным жүйесі жоқ батыстағылар, әсіресе физика-математика саласынан бұдан былай ойсырай ақсайтыны заңды. Жаратылыстану бұларда натура бойынша емес, тек қана жаттанды ұғым. Ондай күйдегі жұмыр бастылар «Бермут үшбұрышын» өзіне қалай бағындырады? «Бермут үшбұрышынан» зәресі қалмай қорқатын державалар құрғақ жердің үстінде атом қарулы. Бір ернімен көкті тіреп, екінші ернін жерге тақай кере сөйлегенде бұлар баршаны аузына қаратады. Сондай мезетте «Бермут» жайлы сөз қозғалса бітті, күжірейген күштілерің мысықтай боп, бұғады. Альберт Эйнштейн бұдан жүз жыл ілгеріде іздеген «Әлемнің Өріс теориясын» жазып берген болса, мынау сәттегі күшті империялар «Бермут үшбұрышы» түгілі Планетаны төңкеріп құртар еді. Адамзаттың бағына қарай Эйнштейннің өзі жөнді түсінбеген нәрсесін лақап қып айтып кеткен. Жердің аман тұрғаны – Батыстағы көп ақымақтың қолына «Әлемнің Өріс теориясын» Құдай бермегендіктен! Иә, «Бермут үшбұрышы» бұлардың кемесіне, ұшағы мен атқыштарына өз дегенін әлі де жасай берер. Өйткені, дәл сол орындағы кеңістіктің тағдыры планеталық өріс күшінде байлаулы. Жердің беті түгелдей өріс құшағында екені біздің еріктен тыс табиғи болмыс. Соның арасында 24 түрлі өрістік өте күшті жолақтар бар. Осының екеуі Сатурн мен Жер арасын байланыстыруда. Бермут үшбұрышына жақындаған кеме, ұшақтардың өздері де ізсіз кетсе, оның себебі сол планетаралық құйынды өрістен деп білесің. Өріс жолағына тақалған кеме ұршықша иіріліп, тереңге бірақ батады. Одан ары қарай мұхиттағы иірімге түседі. Ал енді кемесі аман қалып, ондағы жолаушылардың ізсіз жоғалатыны бұндай күшті өрістің әсерінен емес. Ол жағын да нақтылап алыңыз. Күн жүйесіндегі Сатурн планетаның энергетикалық рух иесі Жерге көз тіккен сайын төменде болатын оқиғалар әлгіндей бос кемені көбейтумен аяқталады. Бұндай оқиғалар кейде өте сирек болады. Дәп сол координаттың өзінен кез-келген кеме аман-есен өтуі де әбден мүмкін. Яғни, кемесі сау қалып, ондағы жолаушылары белгісіз жаққа кететін жағдай циклды құбылыс. Сатурн Иесі қайсы сәттерде Жерге қарай көз тігерін зерттеп алса болды, «Бермут үшбұрышынан» қорықпай өте бересің. Әйткенмен, анау планетаралық өріс арқаны өтіп жатқан жолақ бұндай циклға бағынбайтынын да білген жөн. Десек те, бұның да қуаты аса тасқындайтын немесе бәсеңси қалатын мезгілдері бар. Бұның құйынды күші он екі жылда бір асқындайды. Сол сәттегі Сатурн мен Жердің арасы «таяқ тастам» жақындықтағы бола қалады. Жер тұрғындарының нашар дыбысты жаман әуенді даңғазалы музыкаға өте-мөте әуестенетіні сондай кезде. Кісідегі жақсы талғам төмендейді. Пенделер топ-тобымен жиналып, жиі-жиі мылжыңдасады. Дарақы күлкі көбейеді. Бұл кезеңде туылған баланың бәрі түгел дарынсыз боп шығады. Сатурнның жердегілерге ықпалы осындай «игілікті». Бұдан көбірек опық жейтіні анау екі жолақтың айналасында географиялық орындардың тұрғыны. Содан біреуі «Бермут үшбұрышы» деп аталуда. «Бермут» атауы Хун дәуірінен белгілі Прогрестің қазіргі піріне айналған европалық ақыл-ой кеңістігі уақыт ағысы бойынша 133 жылдан бері билік құрды. Сол себептен де, олардың әрқайсы географиялық атауларда үлесі жоқ держава. «Өздері қоныс еткен төрінде нендей атаулар бар, олардың топонимдік тарихы қандай?» деген сұрақты европалық беткейден ешкімге қоймаңыз. АҚШ – тағы елу штаттың негізгі орталығы алты штатта жайғасқан десек, сол алтауының орналасқан жері баяғы Атати Шетки жұрттың, ацтектердің жұрты. Осы жайтты біле тұра ондағы тұрғындардан да топонимдік емтихан алуға болмайды. Дайынның үстіне келген бұндай жаңа ұрпақта терең білім қайдан болсын? Көзі көріп, қолымен ұстайтын долларды ғана жанымен сүйеді. Қару-жарақтың күшін таниды. Кісілік, адамгершілік пен туыстық дегенді өмірде естімеген нағыз жас төлі осылар. Ендеше, «Бермут үшбұрышындағы» құпиясын олардың миы жетіп, тегі де түсінбесі заңды құбылыс. Ондай Өріс теориясы түгілі іргесінде болған Аталантида құрлығы бұларға әлі де беймәлім нәрсе. Иә, екінші жақтан сол батысқа беріле қарап, табынған біз отырмыз мына төрде. Аузы қисық болса да, ақшалы байлар сөйлесін. Экономика жүйесінде ғана емес, бұндай принцип қазіргі білім мен ғылым саласын жаулап алды. Сенбесеңіз, соңғы отыз-қырық жыл ішінде ашылған фундаменталды ғылымдардың теориялық жаңалықтарына талдау жасап көріңіз. Евроақштық жүйеден тасқындай шығып жатқан ғылыми-зерттеу жұмыстарында шынайы өтіріктің салмағы неше пайызды құрайды? Осы кезеңде жазылған том-том ғылыми шығарманың қаншауы таза өтіріктен тұрады? Осының бәрінің шынайы талдауы қазір жасалмаса, планеталық ғылымды қалыңдай басқан кір-қоқыс анау космостағы техникалық қоқыстан әрі өтіп, бәрін құртары анық. Әйтеуір, «АҚШ мемлекетінің шоқтығы биік бола берсінші» деп, осының алдына түсіп, иілуден жалығатын кез жетті. Көп иілген пенде бүкірге айналады. Соншама сорақы өтіріктерді ғылыми сенсация ретінде гулете берудің өзіндік салмағы бар. Осыдан да бүкір белге айналар болдық. Бүкірейген прогресс төңкерілуге таялды. Осының өзіне европалық елдер ішінен қынжылатын да шығар. Әлсіз үнмен қарсы тұрғандар да бар. Алайда, дөрекі істі ұзынтұра ондай деңгейдегі мәдениеттіліктің тілін қайдан түсінсін? АҚШ-тағы тұрмыс-салтқа құлай ерген әрбір қазақ келе-келе Атаны да жоғалтары анық. АҚШ–тың жас отауында бала туылса, күйеуі әйелімен палата ішінде бірге «босанатыны» біз үшін де жаңа модаға айналды. Соны төрдегі астана жұрты эфирден айқайлатып жатыр. Сол күйіңмен ілгерілей барып, 20 жылды бастан өткерсең, «қазақ» атауы мен жеті атаңды мүлдем еске алмасың мәлім. Сол себептен де қазіргі аталар аман тұрғанда мынаны еске түсіргенің абзал: Баяғы топан су кезінде төменге батқан алып құрлықтың атауы Аталантида – Адам Атаның құрметіне қойылған атау. Осының батыс жақ бір бөлігі Беркімбай – Муталиби Хааандығына тиесілі Бермути даласы болған. Содан қазірге жеткені бөлшек-бөлшек кішкене аралдар. Беркімбай Мутлиби хандығы жайлаған кең даланың дөңестері мен биік шоқылы бөлігі су үстіндегі аралға айналды. Ойпаттары мен жазықтығы мұхит ішінде жатыр. Ал енді, АҚШ-тағы елу штаттың қырық жетісі әліге дейін баяғы Хун дәуіріндегі атауда екенін жасыра беруден пайда болмас. Десек те, бұның Нью-Йорк атауы да көне тілден қалған бір термин. Сол секілді «сити» сөзі де бұрынғы қазақтың сөздік қорынан жүр. Әлем бойынша «сити» атауын бірінші рет алған елді мекен Қаратаудағы Анти Мирас Сити. Адамзат өміріндегі тұңғыш қаласы сол еді. Ол кезеңде Аталантида бар болатын. Қазақтың Алти Алаши иелігінде сонымен қоса есептегенде алты құрлық болды. Бүгінде Алты Алашқа мынау үш жүзді ғана жатқызып жүрсің. Аталантиданың бар кезінде Алти Алаши өсіп-өніп, 39 млрд-қа жеткен екен. Осыдан кейін топан су басталыпты. Сол сәтте тек Найман руынан алты миллион халықты жоғалтқан елміз. Планетада тірі қалған жалпысы алты миллиард қана. Мінеки, содан бері қарай қанша мың жыл өтсе де, осы алты миллиард халық өйтіп-бүйтіп жер бетінде тірі жүр. Адам Ата бастаған Алти Алаши халқы жер бетіне 359 мың түрлі қазақ руларын әкелді. «Жалпы халық 39 млрд-қа жетті» дегеніңмен одан енді не пайда? Қазіргі 6 млрд халықтың өзін де ядролық бомбамен қырып салуға құлшынып тұрған державалар анау. Әйтсе де, басты кінә барлық жағдайда өзімізден шығарын да осы сәттен мойындау қажет. Төменнен келіп, балаққа жабысқан биттерді өрлете көтеріп басқа шығарып тұрған өзің емей, кім? Жусаннан аласа бойлы бола берсек, бізге керекті нәрсе алдыға өзі келе ме? Қазақтың түбіне жеткен басты пәле өзіміз шығарып алған «қазақтан өзгенің бәрі ақылды» приницпінде байлаулы тұр. Осы күннің өзінде ортаңа келіп-кетіп жүрген Европалық төрелер қазақ орта мектебінің 8-сынып оқушысынан артық милы емес қой. Оған көзіңіз әбден жетіп тұр. Сөйте тұра кез-келгенді төбеге шығартып қойып, аузына қарап аңырасың. Айтары жоқ бос сөздің иесі, олардан сіз нені күтесіз? Жалған түрдегі рухани еңкейіс ұзаққа созылса шынайы түрде сұлап түсу сонда болады. Орасан мөлшердегі қаржы шығыны мен Батыстан шақырып жүрген PhD докторың шынтуайтқа келгенде біздегі қарапайым қойшының ми жұмысына тең келмейтін қалталы. Даңғазалы ғылыми атақты. «Бермут үшбұрышында» болып жатқан техникалық апаттардың себебі неде екенін бес ғасыр бойында түсінбеген европалық ми жүйе сыйлауға тұратындай ақыл-ой ма? Адам баласын жоятын суық қаруды ойлап табу, космосқа ракета ұшыру ақылдылықтың белгісі емес. Мағрипа Жылқыбаева физика-математика ғылымдарының кандидаты, доцент. qazaquni.kz