ГУЛАМ УМАРОВ ҚАЗАҚ ТІЛІН ҚОЛДАП, ҚОЛ ҚОЙДЫ!
2020 ж. 25 мамыр
1389
0
Белгілі журналист Максим Рожин мен әкімдік қызметкері Владимир Чепельдің Қазақ тілін қолдап, қол қоюы жақсы жалғасын табуда.
Умаров Гулам Конституциядан 7-ші баптың 2-ші тармағын алып тастап, Мемлекетттік тіл туралы заңды талап етіп, 115 мыңға жуық қол қойылған «Қазақ үні» сайтындағы Ашық хатқа қол қойды!
Умаров Гулам Жамбыл облысы, Жамбыл қаласында 1975 жылы 3 сәуірде дүниеге келді. 2017 жылдың 17 мамырдан бастап - Жамбыл облысы, Тараз қ, «Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы Жамбыл облыстық қан орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының директоры. 2016 жылдан бастап «Нұр Отан» партиясының сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру бойынша «Денсаулық сақтау» бағыты бойынша комиссияның аймақтық кураторы. 2016 жылдан бастап-Жамбыл облыстық мәслихатының депутаты (құқықтық тәртіп, әлеуметтік-мәдени сала, гендерлік саясат және қоғамдық бірлестіктермен байланыс мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия төрағасының орынбасары); 2007 жылдан бастап 2012 жылға дейін Тараз қалалық мәслихатының IV, V шақырылым депутаты (заңдылық, әлеуметтік сала, гендерлік және жастар саясаты жөніндегі комиссия төрағасының орынбасары); «Нұр Отан» партиясының мүшесі. «Нұр Отан» партиясы Жамбыл облыстық Саяси кеңесінің мүшесі.
Қазақ Елі Азаматы ретінде патриоттықтың үлгісін көрсеткен Умаров Гуламға Алғысымыз шексіз, құдай қуат берсін! ҚАЗАҚ ТІЛІ АЗАТ ТІЛ БОЛУЫ ҮШІН ҚОЛ ҚОЙҒАН ӘР АЗАМАТҚА ЗОР ТАҒЗЫМ! Ал, СІЗ НЕШІНШІ БОЛЫП ҚОЛ ҚОЙДЫҢЫЗ?!. ҚОЛ ҚОЮ СІЛТЕМЕСІ: МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ ТУРАЛЫ заңды қолдап, ҚОЛ ҚОЮ ҮШІН «Қазақ үні» сайтының сілтемесіне өтесіздер: