МУХАББАТ МИРАЖАПОВА ҚАЗАҚ ТІЛІН ҚОЛДАП, ҚОЛ ҚОЙДЫ!

Белгілі журналист Максим Рожин мен әкімдік қызметкері Владимир Чепельдің Қазақ тілін қолдап, қол қоюы жақсы жалғасын табуда.

Миражапова Мухаббат Сайдуллақызы Конституциядан 7-ші баптың 2-ші тармағын алып тастап, Мемлекетттік тіл туралы заңды талап етіп, 115 мыңға жуық қол қойылған «Қазақ үні» сайтындағы Ашық хатқа 112 714-інші болып қол қойды!

Миражапова Мухаббат Сайдуллақызы - 1954 жылы Өзбекстан республикасы, Наманган облысының Нарын ауданында дүниеге келді. 2009 жылдан бері ҚХА мүшесі. Жамбыл облыстық Өзбек этномәдени бірлестігінің өкілі, ҚХА Аналар кеңесінің төрайымы.

Қазақ Елі Азаматы ретінде патриоттықтың үлгісін көрсеткен Мухаббат Миражаповаға Алғысымыз шексіз, құдай қуат берсін!

ҚАЗАҚ ТІЛІ АЗАТ ТІЛ БОЛУЫ ҮШІН ҚОЛ ҚОЙҒАН ӘР АЗАМАТҚА ЗОР ТАҒЗЫМ!

Ал, СІЗ НЕШІНШІ БОЛЫП ҚОЛ ҚОЙДЫҢЫЗ?!.

ҚОЛ ҚОЮ СІЛТЕМЕСІ: МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ ТУРАЛЫ заңды қолдап, ҚОЛ ҚОЮ ҮШІН «Қазақ үні» сайтының сілтемесіне өтесіздер: