ВЛАДИМИР ЧЕПЕЛЬ ҚАЗАҚ ТІЛІН ҚОЛДАП, ҚОЛ ҚОЙДЫ!
2020 ж. 06 мамыр
3643
0
Кеше белгілі журналист Максим Рожиннің Қазақ тілін қолдап, қол қоюы жақсы жалғасын табуда.
Алматы облысынан әкімдік қызметкері Владимир Чепель де Конституциядан 7-ші баптың 2-ші тармағын алып тастап, Мемлекетттік тіл туралы заңды талап етіп, 115 мыңға жуық қол қойылған "Қазақ үні" сайтындағы Ашық хатқа 112 084-інші болып қол қойды!
Қазақстан Азаматы ретінде патриоттықтың үлгісін көрсеткен Владимир Чепель бауырымызға Алғысымыз шексіз, құдай қуат берсін!
Алматы облысы Қапал ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы Владимир Чепель Қазақстан Халқы Ассамблеясы өткізген "ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ҰЛТАРАЛЫҚ ТІЛІ" атты Тіл форумында: "Қазақ тілін білмейтін мемлекеттік қызметкерлерді ауылдық жерлерге жіберіп, жарты жыл жұмыс істеуге міндеттеу керек" деді. Біз бұл ұсынысты қуана қолдаймыз!
ҚАЗАҚ ТІЛІ АЗАТ ТІЛ БОЛУЫ ҮШІН ҚОЛ ҚОЙҒАН ӘР АЗАМАТҚА ЗОР ТАҒЗЫМ!
Ал, СІЗ НЕШІНШІ БОЛЫП ҚОЛ ҚОЙДЫҢЫЗ?!..
ҚОЛ ҚОЮ СІЛТЕМЕСІ: МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ ТУРАЛЫ заңды қолдап, ҚОЛ ҚОЮ ҮШІН "Қазақ үні" сайтының сілтемесіне өтесіздер: https://qazaquni.kz/2018/09/05/65363.html