Тоқаев азаматтарымыздан карантинді сақтауды сұрады
2020 ж. 20 сәуір
1291
0
[caption id="attachment_145471" align="aligncenter" width="750"] Фото: Liter.kz[/caption]
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев барлық қазақстандықтарды карантинді сақтауға шақырды, деп хабарлайды "Қазақ үні" ақпарат агенттігі.
«Елімізде COVID-19 жұқтырғандар саны көбеюде, бірақ геометриялық прогрессиямен емес. Бұл дер кезінде қабылданған шешімдердің нәтижесі екені анық. Бірақ, індет шарықтау шегіне жеткен жоқ. Азаматтарымыздан карантинді сақтауды сұраймын. Дәрігерлерге, полицияға, әскери қызметшілерге, волонтерлерге алғыс айтамын. Олардың қауіпсіздігіне баса мән беру қажет», деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-дегі парақшасында.