ИТТІҢ ӨЗІ ҮЙІНЕ ҚАРАП ҮРМЕЙДІ... "Ұлының құлы"...
...Ал, Қазақстандағы «ұлтаралық қатынас» ұғымының тұғыры да түсініксіздеу болып барады. Елбасы бастап, басқа ұлттар мен жат жұрттар қостап, «Халықтар Ассамблеясы» дейтін нән құрылым құрып, орнықтырып алды. Қазақ топырағындағы бөтен ұлыстар мен басқа кірмелерді «қорғайтын құрылым» деген айдар тақты, ассамблеяға.
Бірақ, қазақ жеріндегі ынтымақ пен тыныштықты қазақтың өзі қаламаса, бәрі бекер.
Егер, аталған ассамблея шөптің басын сындырса, неге Орал қаласын жылумен қамтамасыз ететін «Жайықжылуқуат» акционерлік қоғамында коммерциялық директоры, өзін-өзі «атаман» атаған Вячеслав Юрьевич Солодилов дейтін «Халықтар Ассамблеясы қорғаған» Қазақстанның азаматы елі мен жері бөлек, жұрты мен ұрты бөтен елдің басшысы, Ресей Президенті Владимир Путинге хат жазып, шағым айтады?..
Яғни, талас жоқ, Солодилов өзін «жат жұртта жүрмін» деп есептейді. Қазақстанды«өз елі, туған отаны» деп есептемейді. Қит етсе, қия тартып, шекараны асқалы тұр, қазақты сатып, қашуға әзір...
Сонда , «Халықтар Ассамблеясы» атқарған жұмыстың нәтижесі қайда?
Ол аз десеңіз, діні бір, ділі жақын шешендер Алматының түбіндегі ауылда қазақтарды аңдып атып, кек алғысы келеді...
Бұл – қарапайым адамшылықты айтпағанда, еліміздің қауіпсіздігіне қол салған қауіпті қылмыс қой. Шешендер адамның өміріне қауіп төндірсе, «атаман»-сымақ күллі елдің іргесін сөгуге тырысады.
Солодилов сабазың онысымен қоймай: «Біз би билеу үшін емес, қылышымыз жалаңдап, жерімізді қорғау үшін жаратылдық емес пе?!» – деп, сандалып, қазақтың ата-бабасының жеріне, тарихи отанына ортақтасқысы келеді. Ол өзінің кешегі аталарының орыс патшасының қаһарына ұшырап, қазақтың жеріне қопара жер аударылған баукеспе-ұры, қаныпезер қылмыскерлер екендігін әдейі ұмыта қалыпты...
Қазақтың адал нанын жеп, таза суын ішкен мұндай найсап, арампиғылдылар «Отанға опасыздық жасаған» деп танылып, ең ауыр жауаптарға тартылмаса, ұлттардың арасы ушығып кетуі әбден ықтимал...
...Жиырма жылдан астам уақыт 15 мемлекеттің билігінен айырылып, байлығы азайып, қазынасы кеміп қалған Кремльдің аңсаулы арманы кім-кімге де түсінікті...
Сасық ойлы, пасық пиғылды Мәскеудің Солодиловтай салбөксе айтақтары қанша жерден: «Өз тарихи отанымызда, ата-бабамыздың жерінде өмір сүре тұра ит көрмеген қорлықты бастан кешірудеміз. Барлық жерде қазақша сөйлеуге мәжбүр-
міз.» – деген далбасаларымен дауысын жыртып, бұтын қақыратса да, қазақ та, басқа да бодандық қамытына қайтып оралмайды...
Тек, тым жақында, өз арамызда, дастархан басында бір «белгісіз» қауіп бар, ол – «іштен шыққан жау жаман»...
...Солодиловты «сайратуда», шешендерге шешім беруде «іштен шыққан шұбар жыландардың» үлесі орасан...
Есілдің сол жағалауын да, өңірлердегі билік ғимараттарды да, алыс-жақын шетел «барлау» орындарын да, керек десеңіз, баукеспелердің бекінісіне, қылмыскерлердің қорғанына айналған ит арқасы қиясындағы тұман басқан тажал қаланы да «жаулап алып», әмірін жүргізген орыстілді, орысділді, орысқұлды орашолақтар мен озбырлар: «Я был и остаюсь единомышленником Великого челове-
ка» – дейтін тұрлаусыз да тұғырсыз өтірігімен ендігі жерде қазақтың Елбасын да, елін де алдап-арбай алмайды...
...Уақыт жылжиды, ел өседі, өріс кеңейеді...
Бұрнағы бос сөздің, сылдыр уәденің «арты» ашылып, ойран болатын кезеңдері қайталанып отырады...
...Қаза билігінің алтын тұғыры – Ақордада «Ұлының құлымын!» – деп, өтірік мүләйімсіп, жалған мәймөңкелегендердің күні өтуге тиіс.
Жүрегінде жігері мен намысы, болмысында иманы мен қайраты бар нағыз ержүрек, елі мен жеріне адал тұлғалардың таңы атуға тиіс.
Ел боламын деген қазақ бесігін түзеп, есігін тазартсын!..
Құлтас ДОСТАН