ШҰҒЫЛ! Қарағанды маңында ұшақ құлады
2020 ж. 17 сәуір
1517
0
Қарағанды маңында болған ұшақ апаты салдарынан екі әскери қызметкер жарақат алды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
«Ұшақтың салдарынан екі әскери қызметкер жарақат алды. Олар санитарлық жолмен Х.Ж. Мақажанов атындағы емханаға жеткізілді. Зардап шеккендердің бірінің жағдайы қанағаттанарлық, екіншісінің жағдайы орташа ауырлықта. Олар қажетті ем алады», - деді Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасы.
Естеріңізге сала кетейік, бүгін Қарағанды қаласы маңында жауынгерлік кезекшілікке дайындалу үшін жоспарланған рейс кезінде Қазақстан әскери-әуе күштерінің МиГ-31 ұшағы апатқа ұшырады.
Ұшақ Қарақұдық ауылдық округінің аумағында құлады.
Алдын-ала мәлімет бойынша, ұшқыштар Горилко мен Құрманғалиев ұшақты катапульттеді.
Оқиға орнына жедел қызмет, ауыл әкімі келіп жетті. Нұр-Сұлтаннан оқиға орынына құтқарушылар тобы аттанды.