Дүрәлі Дүйсебай: ТАСИБЕКОВ СЕКІЛДІЛЕР ҚАЙДАН ШЫҒАДЫ?!.
2020 ж. 09 сәуір
2326
0
Жалпы орыс газеттерін оқымаймын. Орысша білмейтіндіктен емес, орыс халқына деген қысастықтан да емес (орыстан достарым аз емес, келіндерім бар деген секілді). "Казправдадан" басқалары ұлттық құндылықтар туралы ләм демейді. Дей қалса, бақай есебі бар шығар. Білмеймін. Ал "Караван", "Время" газеттерін мүлде қарамаймын. Бағыттарын білем.
Осы бүгінгі бір постында қазақтың тілі десе шыр-пыры шығып жүретін Қазыбек інім, Иса ..."Караван" қазақтың белгілі қаламгері Дурәлі Дүйсебайдың брифинг өткізушілердің көбісі орыс тілінде сөйлегендіктен, қазақ тілділер ақпарат ала алмай отырғанына қарсы Канат Тасибеков дегеннің "Қазақ тілінде сөйлемей-ақ қойсын, адам емдесе болды" деген ұстанымын білдіре қойды... Оның "90 пайыз қазақстандықтар орыс тілін түсінеді" деген қызармай айтқан қып-қызыл өтірігін неге сүйеніп айтқанын бір құдай білсін... Керісінше, 90 пайыздай қазақ тілді (елдің 88 пайыз қазақ тілін тұтынатыны ресми дерек) екенінде шаруасы жоқ ол "90 пайызды" өз айналасымен есептесе керек..." деген жазбасын оқып қалдым.
Мен бір нәрсеге таң қаламын, осы Тасибеков секілді азаматтар қайдан пайда болады? Тәрбиесі қайдан? Қазақстанда тұрып, қазақтың нанын жеп, суын ішіп тілін менсінбейтін мұндай адамдар аз емес. Олар үшін тамағы тоқ, киімі көк, уайымы жоқ болса болды. Тілің бір тиын. Ресейде жүріп, Ресейді қойшы, осы Қазақстанның өзінде-ақ "орыс тілінде сөйлемей-ақ қойсын, адам емдесе болды" деп көрсінше, өзіміздің ағайындар-ақ иттей таласын. Ал Ресей азаматтары не істейтінін ішің білсін.
Орысша оқыған мықты таныстарым, достарым көп. Бигелді Ғабдуллин, Жеңіс Дәрменов, Бекет Момынқұлов, Төлеген Есімов, Ермек Тұрсынов, т.т. Бірақ қазақ тілін ешкімге жәбірлеуге бермейді. Тіпті Игор Шахнович, Сергей Лесковский, Павел Цыбулин секілді аттарынан ат үркетін достар да аз емес. Жазған постыңды оқып, пікір білдіріп отырады. Солардан мына Қанат мырзаның қай жері артық? Қазақша білмейтіндігі ме? Онда жетіскен екенбіз...
Осы біздің орысша оқып, орыс мәдениетінен сусындаған, артынан қағынан жеріген ағайындарымыздың есі қашан кірер екен? Осы сұрақ жанымды жегідей жейді...
Дүрәлі Дүйсебай,
Фейсбук парақшасынан