Шымкент тұрғыны мешіттегі садақа жәшігін ұрлап кетті
2020 ж. 06 сәуір
1537
0
Шымкент қаласы Полиция департаментінің Еңбекші АПБ-на жергілікті тұрғын қаладағы мешіттердің бірінде садақа жәшігінің ұрланғаны туралы арызданған, - деп хабарлайды otyrar.kz.
Белгісіз тұлға түнгі уақытта мешіт ауласына кіріп, қайырымдылық жәшігінің құлпын бұзып, жалпы сомасы 9000 теңгеге жуық ақшаны ұрлап кеткен.
Тергеу және Криминалдық полиция басқармалары қызметкерлерінің жедел жұмыстарының нәтижесінде күдікті ұсталды. Ол 26 жастағы қала тұрғыны болып шықты.
Аталған жайт бойынша ҚР ҚК 188-бабымен (Ұрлық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.
Күдіктінің бұдан басқа тағы 6 бөтен мүлікті ұрлау жайттарына қатысы бар екені, сондай-ақ қылмыстарының негізгі бөлігін жекеменшік үйлерде жасағаны анықталды.
Күдіктіге ешқайда кетпеу туралы қолхат түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.