Президент атышулы "Қалаулым" бағдарламасына қатысты тапсырма берді
2020 ж. 30 наурыз
7381
0
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атышулы "Қалаулым" бағдарламасына қатысты тапсырма берді. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында хабарлады.
Оның айтуынша, халықтың наразылығын тудырған аталмыш бағдарламаға қатысты көпшіліктің пікірі ескеріле отырып шара қабылданбақ.
"Халық қол жинап, бағдарламаның жабылуын талап етті. Баспасөз бетінде де сын жазушылар көп. Сондықтан көпшіліктің пікірін де ескере отыра және арнаның саясатына нұқсан келтірметіндей шара қабылданады", - деді Б. Уәли.