Қазақстанда коронавирусқа шалдыққандар саны 284 болды
2020 ж. 30 наурыз
1483
0
Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 284-ке жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.
«30 наурыз сағат 00.20-дағы жағдай бойынша коронавиурс індетін жұқтырудың тағы бір оқиғасы Ақтөбе облысында тіркелді.
Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласында - 167 адам, Алматы қаласында – 70 адам, Қарағанды облысында - 7, Ақмола облысында - 6 адам, Атырау облысы - 12 адам, Жамбыл облысында -3 адам, Шымкент қаласында - 2 адам, Шығыс Қазақстан облысында - 2 адам, Алматы облысында - 6 адам, Ақтөбе облысында - 2 адам, Солтүстік Қазақстан облысында - 1 адам, Павлодар облысында - 1 адам, Маңғыстау облысында - 1 адам, Қызылорда облысында - 2 адам, Батыс Қазақстан облысында - 2 адам, жалпы 284 науқас тіркелді», - делінген ақпаратта.
Айта кетейік, Ақтөбе облысында жаңадан анықталған жағдай туралы онлайн-брифинг барысында айтылған болатын. Науқас Түркияның Ыстанбұл қаласынан Ақтауға, Ақтаудан Ақтөбеге ұшып келген. Ұшақтан түскен барлық 18 адам оқшауланып, анализ алынды.