Қазыбек Иса: ҮЙДЕН ШЫҚПАЙ ОТЫРУ - ӘР АЗАМАТТЫҢ МІНДЕТІ (ВИДЕО)
2020 ж. 27 наурыз
2024
0
АЛ КЕРЕК БОЛСА... ОҢТҮСТІКТЕ КОРОНАВИРУСТЫ "ТОЙМЕН" ҚУУДА ӘЛІ...
Келін құтты болсын! Бірақ ҚҰДАЙ САҚТАНСАҢ ҒАНА - САҚТАЙДЫ, ағайындар! ЗАҢ ҚАЙДА?!.
Онлайн жасау керек бәрін!
Мынау уатсапта тарап жүрген видеоға қарасаң, қазақтың қамсыздығына күйінесің! "Келіннің аяғынан" дейді қазақ. Мынадай індет жайлап тұрғандағы қуанышты беташардың аяғы неге ұласатынын неге ойламайды бұлар?!.
Айтқан жерден аулақ, Биліктің тыйымын тыңдамаған Италия мен Испанияда қазір індеттен қырылғандарды жерлеп үлгере алмай жатқанынан сабақ алу керек!
КЕШЕ ҒАНА АЛМАТЫҒА ҚҰДАЛЫҚҚА КЕЛІП КЕТКЕН БІР АСТАНАДАҒЫ БІР ӘЙЕЛ ҚАЙТЫС БОЛДЫ! Арты қайырлы болсын!
Тойды індетті толық жойып болған соң тойлау керек! Ал әзірге аман қалудың жалғыз амалы - ҮЙДЕН ШЫҚПАЙ ОТЫРУ - ӘР АЗАМАТТЫҢ МІНДЕТІ!
Ел аман, жұрт тыныш болсын, халайық!