Шодиев Өзбекстанға коронавируспен күреске 200 млн доллар бөлді деген ақпарат тарады
2020 ж. 24 наурыз
2918
0
Шодиев халықаралық қоры Өзбекстанға коронавируспен күреске 200 млн доллар бөлді деген ақпарат жалған. Бұл туралы аталған қордың баспасөз қызметінен мәлім етті,-деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Шодиев халықаралық қоры Қазақстанның әлеуметтік желілерінің кейбір пайдаланушылары «Патох Шодиев Өзбекстанның коронавирусқа қарсы іс-қимыл шараларына 200 млн АҚШ доллары көлемінде қаражат бөлді« деп жариялап жатқан мәліметтердің шындыққа сай келмейтіндігін ресми мәлімдейді», - делінген қор таратқан ақпаратта.
Шодиев халықаралық қоры (ICF) – Патох Шодиев 1996 жылы негізін қалаған үкіметтік емес қайырымдылық қоры. Қор ТМД, Азия және Еуропа елдерінде қайырымдылық жобаларымен айналысады.