Ораз Момынов: Жәкішевтің жанында Ана тілді бір адам болғанда, Халықтың батасын алып кетер еді...
2020 ж. 21 наурыз
9683
0
Қайран Халқым-ай !
Сен Қазақстанның түкпір-түкпірінен өз қаражатыңмен келіп , (Ішіңде Атыраулық қайсар , "Арыстан жүрек" батырларың да бар), таңның атуымен таласып, Семейдің ызғарлы суығына тоңып, іштеріңдегі әйелдер егіліп жылап жүріп М. Жәкішевті абақтының аузынан күтіп алдың!
Саған қосылып, смартфонның бер жағында отырып біз де жыладық.
Ал Ол ше ?!
Ол қымбат көлікпен абақтыдан шықты. Сенің алдыңда 5 минут, (бәлкім 10 минут), шын жүректен рахметін айтып, Құдай біледі, жеке ұшақпен Алматыға ұшып барып, өзі сияқты серкелермен қуанышта қауышты. (Қызғаныштан, сарказмнан Құдай сақта, көргенімді жазып отырмын).
Егер де М.Жәкішевтің қасында жөн-жоралғыны білетін , Халқын сәл де болса сыйлайтын , Қазақтың дархан пейілін бойына сіңірген , Ана тілінде сөйлей алатын еш болмағанда бір адам болғанда , Сені мен Мұқтардың кездесуін ұйымдастырып , Саған шәй беріп (ол үшін тек мінез керек) , Сенің адал батаңды алып кетер еді - ау?!
Әттең! Тұлғалар мен қарапайым Халық!
Параллель сызықтар сияқты ешуақытта қиылыспайсың , әр қайсыңның өз орбитаң бар!
Сен бәріне де төзесің!
Сен қой сияқты үндемей құрбан боласың!
Көтеруші де , құлатушы да - Сенсің!
Ал жемісін Тұлғалар жейді!
Қайтейін!
Ораз Момынов,
Фейсбук парақшасынан