Арыстағы апатқа жемқорлықтың да қатысы бар
2020 ж. 09 наурыз
1497
0
Арыс және Отарда оқдәріні жоюға бөлінген миллиардтар ұрланған. Жемқорлар оқдәріні жоюға арналған бюджет ақшасын жымқыруды жүйелі түрде іске асырған.
Экономикалық тергеу департаменті «Қазтехнологиялар» ұйымында 1,7 миллиард теңгені жымқыру дерегіне қатысты іс қозғады. Мемлекет қаржы сынан миллиондап пайда тапқандар Арыс және Отар әскери бөлімдеріндегі оқ-дәрілерді жоюға бөлінген миллиардтарды қалталарына басқан. «Қаз технологиялар» ұйымы оқ-дәрі лерді жоюмен және оқ шы ғарумен айналысады.
Компанияның жалғыз акционері – «Қазақстан инжиниринг» ұлттық компаниясы. Жымқыру дерегі 2013 жылдан бері жүзеге асқаны анықталды. Аталмыш ком пания басшылығына байланыс ты қылмыстық істің толық деректері әзірге тергеу амалдарына орай жарияланбай отыр. «Қазтехнология» акционерлік қоғамында лауазымды тұлғалар дың 1,7 миллиард теңге жым қыр ғаны анықталды. Бұл заңсыз әрекет оқ-дәрілерді жою барысында жүзеге асқаны белгілі болды» -деді Экономикалық тергеу департаменті бірінші тергеу басқар масының басшысы Болат Қамитов.
qazaquni.kz