ҰЛТТЫҚ КЕҢЕС ҚҰРАМЫНА РОТАЦИЯ ЖАСАЛДЫ
2020 ж. 03 наурыз
1477
0
Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің құрамына жұртшылықтың және сарапшылар қоғамдастығының жаңа өкілдері қосылды.
Атап айтқанда, Ұлттық кеңеске белгілі қоғам қайраткері, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Ауған соғысы ардагерлері ұйымдарының «Қазақстан ардагерлері» қауымдастығының төрағасы Бақытбек Смағұл, белгілі заңгер, Еуропалық құқық және адам құқықтары институтының директоры Марат Башимов, қоғам қайраткері, «Мазмұндама» ҚБ төрағасы Шыңғыс Мұқан, Қазақстанның жаңартылатын энергетика қауымдастығының бас директоры Арман Қашқынбеков және «Талбесік» көпбалалы аналар қозғалысының жетекшісі, журналист Ләззат Қожахметова, заңгер, «Ізгілік елшісі» республикалық еріктелер қозғалысының жетекшісі, заңгер Айнұр Сәбитова кірді.
Ротация аясында Ұлттық кеңестің құрамынан Э.Әзімова, А.Саин, Б.Палымбетов, А.Шораев, Б.Бұқарбай, А.Әміртаев шығарылды.
Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі 2019 жылға 12 маусымда құрылып, оның алғашқы отырысы 2019 жылға 6 қыркүйекте өтті. Ұлттық кеңестің құрамына әртүрлі саяси партиялардың, қоғамдық бірлестіктердің, үкіметтік емес ұйымдардың, БАҚ өкілдері, белгілі қоғам қайраткерлері, жетекші қазақстандық сарапшылар кіреді.
Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің үшінші отырысы биыл сәуірде өткізіледі.
AkordaPress