Қазіргі кездегі ең өзекті мәселе малға қарайтын адамдардың тапшылығы - Қанжігіт Сыздық
2020 ж. 23 ақпан
2793
0
Республикада ауыл шаруашылығын дұрыстап қолға алу (осыншама жеріміз бар 18 млн xалықты етпен қамтамасыз ете алмау ұят қой) қажеттігі туындады.
Ол үшін сонау шет елдің тәжірибесінің түкке қажеті шамалы(өңдеу мен жарнамалап сатулары болмаса). Бұрынғы кезде (кеңестік кезде)малды бордақылау,жайылымда ұстау(жайылым жеткілікті 100 млн уақ мал сыйатын жер бар),асылдандыру ісі оң нәтижеге жеткен.
Дегенмен қазіргі кездегі ең өзекті мәселе малға қарайтын адамдардың тапшылығы.
Оған себеп орталықтан ең кемі 100-200 км жерлердегі малшылардың жағдайы:-атап айтқанда балалар тегін оқыйтын мектеп интернаттардың жабылуы; дәрігерлік қызыметтің жоқтығы; байланыстың болмауы, ауыз су,мал суаратын құдық,жарықты шешілмеуі;
Мал дәрігерлік мамандар(бюджеттен айлық алады) мүлдем бармайды;
Екіншіден шаруаға малды еттей сатқаннан сыртқа тірідей сату тиімділігі, яғни қымбаттауға;
Үшіншіден жем-шөп қымбат;
Төртіншіден шұрайлы жайылымдарды "қолы ұзындардың" алып қойғаны,көбісі бос жатса,елді мекенге жақын жерлерде мал санының көптігінен жерлер төза бастауы;
Ұсыныс:- барлық а/ш жерлеріне спутник арқалы ревизия жасау;
оны қайтадан арендаға мал басына қарай 5-7 жылға ғана беру;
Шаруасы оңдыға ары қарай созу,нашарынан сотсыз ақ қайта алып, қоғамдық комиссия арқалы басқа шаруаға беру тәртібін енгізу.
Кезінде барлық мал /ш-ғымен айналысатын облстарда құрама жем (бидай мен арпа кебегінен тамаққа жарамсызынан дайындаған),малды (бір күнде күз айларында 5000-10000 ға дейін уақ малды сойған)қабылдау,сою,сақтау мен өңдеу комбинаттары болған.
Осы комбинатардың барлығы мемлекеттің көмегімен жұмыс жасаған.
Сонда шаруаға құрама жем тиімді бағамен босатылса,ет комбинаттарына мал өткізу кімге болса да тиімді болғана. Осы арқалы ет бағасын реттеп отырған.
Мал мамандары да жетімсіз, тәжірибелі мамандар қартайған,қазіргі мал мамандары теxникалық,гуманитарлық оқу орындарынан бизнс жасау үшін ашылған факультетті бітіріп диплом алғандар. Мал дәрісін сататын аптекалар да, бақылаудың осалдығынан сапасыз дәрі сатумен айналыса бастады. 28 жылда ауыл шаруашылығы тәжірибе алаңы айналды.Әр министр өзінше жаңалық ашады. Біресе астықтың,біресе еттің көлемін өтірік ұлғайтып, алтынға сырттан мал тасыды.Әйтеуір білген бизнсті жасадық. Қант жоқ,сүт жоқ,барлығы шеттен, ет жетпейді,көкөніс қытай мен өзбектікі. Оның барлығы удай қымбат,әрі сапасыз. О тоба. Оңтүстікте 8 ай жаз. Табиғи өнім жеуді қойдық.Дастарxанда құнарсыз, дәрімен шала піскен,құны удай "жылы жайдың" өнімі. Бұл дегеніміз еліміз тек шикізат сатумен айналысып,ішкі жағдайды ұмытқаннан. Бұл саланы шаруаның көзін білмейтін "тиын санағыштар мен жеке өзін ғана ойлайтындарға" басқартудың да үлкен кесірі тиді. Етті Бущтың тауығы мен Австралиядан,ұнды Канададан,киімді Қытай мен Түріктен тасимыз,малдың да,егістің де керегі шамалы деген ұғымнан болған дүние ғой деймін. Жоғарыдағыдай а/шарушылығын түсінбейтін,оны бизнс көзі деп ұғатын басшылардан арылатын мезгіл жетті. Ана жерде пәлен мал бордақылау алаңы.Ана жерде сут сауу комплекісі бар деген министр мен әкімдердің есебінің барлығы көз бояушылық. Бар болғанның өзінде ол xалықтың оннан бірін қамтамасыз ете алмайды. Біз аграрлы елміз, сондықтан бұл саламен Республика бойынша тұтас, тиянақты айналысу керек. Мың,немесе он мың малды бордақылау алаңымен ғана еттің мәселемін шешеміз деу қате пікір.Кімнің қолынан қанша мал бордақылау келеды дайынын ет комбинатына өткізсін де ақысын алсын болды. Ұсақ малды жайылымнан қоңы жетілгеннен базарға немесе тірідей шет елге емес ет комбинаттарына өткізсін.Діттеген орта бағаға, комбинаттардың шығыны мемлекеттің субсидиясы есебінен жабылсын. Яғыни субсидияны бордақылаушыларға емес өңдеушілерге беру керек.Міне ет сонда көбейеді. Осы орайда:- Тұрсынбаев Балташ Молдабайұлын бастатып, (бұрынғы а/ш министірі) ,Жезқазған,Қарағанды,Семей.Ақтөбе,Қызылорда, Торғай Талдықорған,Жамбыл, Оңтүстік,Солтүстік Қазақстан т.б өңірлерде 1980-1990 жылдары(бұрынғыдан қазір а/ш-ғы әлде қайда кейін кетті ғой) аудан,шаруашылық басқарған бұрынғы азаматтарды Президенттің денгейінде жинап,мал,егін шаруашылығын оң жолға салу, экологиялық таза өнім алу жолдарын ақылдасу, ұзақ мерзіге xалықты азық-түлікпен қамтамасыз етудің комплексті шарасын қабылдау қажет.
Қанжігіт Сыздық, Фейсбук парақшасынан