Төлемырза Темірбекұлы: Ер қадірін білмеуің емес пе бұл?
2020 ж. 18 ақпан
3163
0
"Ер басына күн туса етігімен су кешер, ат басына күн туса ауыздықпен су ішер" атам қазақ бекерге айтпаған. Алла соңын қайырлы етсін! 18 ақпанда соңғы соттың шешім шығаратын күні екен. Алла жаман істің соңын қайырлы етсін! Сөз құдрет, сөз кие, Алладан тілейік. Құдай көптің тілегін қабыл етсін!
"И.Ә.Әбішев қызметтен әділетсіз шеттетілген, жұмысына қайтып оралуы керек"
Н.Ә.Назарбаев.
"Триллион үнемдеймін деп түрмеге түскен Ислам Әбішев пен Серік Түкиевтің атышулы сотында, прокурор Саламат Сүлейменов өткен айдың 16 қаңтарындағы өз айыптауында, Адвокаттардың тергеу ісінің заңсыздығын, жалған да, жасанды дәлелдердің бәрінің күлін көкке ұшырған қарсы дәлелдерінің біріне де қарсы жауап бере алмай, тек жазып келгенін (жазып бергенін бәлкім) бас көтермей сыдыртып оқып шығып, Ислам Әбішевке 11 жыл, Серік Түкеевке 8 жыл бас бостандығынан айыруды сұрады…
Бұған 18 ақпан күні соңғы сөзді айтатын сот жауап береді!"
Қазыбек Иса,
"Қазақ үні" порталынан (qazaquni.kz/2020/02/16/)
Дат!
Дат Тақсыр!
Датымыз бар тыңдасаңыз,
Асқақтап халқыңменен мың жасаңыз.
Бұл елің хан көтермес кілемге сап,
Халқыңа мойыныңыңызды бұрмасаңыз,
Қазақтың қамын ойлап тұрмасаңыз.
Ер қадірін білмеуің емес пе бұл?
Ерлерді түрмеге сап қинасаңыз.
Ер туғызған халқыңның зарын айтып,
Атынан қара орманның үн қосамыз.
Дат тақсыр!
Датымды айтам тыңдасаңыз!!!
Нұрислам Ердің аты еңіреген,
Қайтсем пайдам тиеді деп еліме мен,
Түн ұйқысын төрт бөліп мұз жастанған,
Бағы басым ұл екен сорыменен.
Атқа мініп тізгінді қолға алғанда,
Қарсыласқан көп бопты оныменен.
Оны қолдап қуаттау былай тұрсын,
Жүрмепті оның салған жолыменен.
-Бір триллион теңгенің жолын салдық,
Еш жұмысың болмасын жөніменен.
Сол сомманы бізге алып бермесеңіз,
Онда ісіміз болады сеніменен, - деп алдын
Нұрисламның кескестепті.
Нұрислам:
– Қолың оған жетпес – депті,
Кеудемде жаным тұрса ақтық сөзім,
Халықтың несібесі қорқаулардың,
Қолында бей-берекет кетпес – депті.
Бары осы бар бәленің дауға айналған,
Ерегісіп екі жақ жауға айналған!
«Екі ортада шыбын өлді...» енді қайттік,
Қайран далам қазақтың бақ пен соры,
Төсің қақсып қалар ма бауға айналған...
...Сот залы айласы асты жемқор топтың,
Қарғадай қызығына тойған боқтың.
Нұрислам кісендеулі темір торда,
Үстінде отырғандай от пен шоқтың.
Қорқаулар отыр күліп миығынан,
Көзінің қырын салып қиығынан.
Нұрислам қасқаяды мәртебелі сот,
Жатқанда сұрақ қойып жиі бұған.
Бұл жағдай түсі емес, өңі болып,
Тұрғанда болмас сірә жолы болып.
Қолында қанжар болса Нұрисламның,
Жіберер ед ақиқатты орып-орып!
Жолығып айтып еді ол адамына...
Өтерме өкпе айтып қоғамына.
Жаратқан бұл қорлықтан артық дейді,
Соғыстың өтінде өлген одан мына.
Қарагер басын салып майда жалды,
Жабы емес жарысқанда қапқан шаңды.
Мұзбалақ торға түсіп тыпырлайды,
Аңсайды айдын көкте самғағанды.
Барады құсалықпен өтіп жалған,
Заман-ай дақ іздеген аппақ қардан!
Елге деген жақсы ісінен қайыр болмай,
Шемен боп жүрегінде қатып қалған!
Кезікпей сұм тағдырдың сараңына,
Жолығып айтқан елдің адамына.
Содан кейін де оны қорлап жатса,
Не айтамыз қоғамы, заманыма!
Толарсақтан саз кешкен түрмедегі,
Батыр ұлдың болмай ма бір керегі.
Нұрислам еді ғой оның аты,
Нұрдың тимей кетер ме бір көмегі?!
Уа, Хан Ием елдің бер сұрағанын,
Екі жүз мың хат жазылды бұда мәлім.
Екі жүз мыңның бірі боп бізде жаздық,
Хан Ием табыңызшы бір амалын!
Көп болып Ел атынан сұранамын!!!
Төлемырза Темірбекұлы,
Нұр-Сұлтан қаласы