ҚР Президенті интернет жұмысын қалпына келтіруді тапсырды
2020 ж. 17 ақпан
1523
0
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы интернет желісінің жұмысын қалпына келтіруді тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мюнхенде (Германия) жұмыс сапарымен жүргенде Қазақстанның интернет желісіндегі ақау жайында хабардар болды. Мемлекет басшысы барлық ақпараттық ресурстардың жұмысын қалпына келтіруді тапсырды», - деп жазды ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebooк-те.
Еске салайық, 14-16 ақпан күндері Қ.Тоқаевтың Германияға жұмыс сапары өтуде.