Қытаймен арадағы әуе, авто және теміржол қатынастары тоқтайды
2020 ж. 30 қаңтар
1470
0
Қазақстан Қытаймен арадағы әуе, авто және теміржол қатынастарын тоқтатты. ҚР Үкіметі жанындағы ведомствоаралық комиссия осындай шешім қабылдаған, - деп жазды abai.kz.
1. 2020 жылдың 29 қаңтарынан бастап Қазақстан мен ҚХР арасындағы жолаушылар тасымалдайтын автобус қатынастары,
2. 2020 жылдың 1 ақпанынан бастап Қазақстан мен ҚХР арасындағы барлық жолаушылар пойыздары,
3. 2020 жылдың 3 ақпанынан бастап Қазақстан мен ҚХР арасындағы әуе тасымалдары тоқтатылады.
4. ҚХР азаматтарына виза беру тоқталды.
5. ҚХР Дунгуан қаласында өтуі тиіс Халықаралық теннис Федерациясы Кубогының іріктеу кезеңін Нұр-Сұлтанға ауыстыру туралы өтініш қанағаттандырылмады.