Ғалымдар коронавирусқа қарсы вакцина ойлап тапты
2020 ж. 29 қаңтар
6620
0
Гонконг ғалымдары коронавирусқа қарсы вакцина ойлап тапты, - деп хабарлайды tengrinews.kz қытайлық басылымға сілтеме жасап.
"Біз вирусқа қарсы вакцина ойлап таптық, бірақ оны сынамадан өткізу үшін біраз уақыт керек", - дейді Гонконг университетінің профессоры Юэн Квок-Юнг.
Профессордың сөзінше, жануарларға жүргізілетін сынама бірнеше айға, ал адамдарға жүргізілетін клиникалық сынама үшін бір жылдай уақыт керек. Ғалымдар коронавирустың неден жұғатынын атады.
Қатерлі аурудан 80 адам қаза тапқан Басылым мәліметінше, ғалымдар тұмауға қарсы вакцинаны коронавирустың беткі антигенін қосып түрлендірген.
Еске салайық, Қытай билігі 2019 жылы 31 желтоқсанда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына Ухан қаласында белгісіз вирустың тарай бастағанын хабарлаған. Мамандар Ухан қаласындағы теңіз өнімдері базарынан алынған сынамаларды зерттеп, вирустың қайнаркөзі сол базарда сатылған жабайы жануарлар болғанын анықтаған.
"Синхуа" агенттігінің мәліметінше, қытайлық зерттеушілер коронавирусты зерттеудің алғашқы қорытындысын жариялаған. 2019-nCoV электрон микросуреттері жария етілген.
Қатерлі вирусты жұқтыру жағдайлары Гонконг, Макао, Тайвань, Тайланд, Жапония, Оңтүстік Корея, АҚШ, Канада, Вьетнам, Сингапур, Непал, Франция, Аустралия және Малайзия елдерінде тіркелген. Ал кеше Хубей провинциясында коронавирустан қаза тапқандардың саны 100-ге жеткені белгілі болды.