Ақжолдықтар Қазақ Ұлттық университетінде болды
2020 ж. 25 қаңтар
1373
0
«Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті Тарих, археология және этнология факультетінде «Ақ жол» демократиялық партиясының Алматы қалалық филиалының төрағасы Қуандық Бискультанов және «Ақ жол» ҚДП-ның мүшелерімен бейресми кездесу болып өтті. Кездесуге факультеттің деканы, профессор Ноғайбаева Меңдігүл, профессор Т. Омарбеков, профессор Б.Карибаев, «Алаштану» ғылыми-зерттеу орталығының директоры т.ғ.д. С.Смағұлова бастаған ұстаздар қауымы қатысты.
Кездесуде факультет деканы әрі модератор Ноғайбаева Меңдігүл ұлттық мемлекеттілікті қалыптастырудың іргелі негіздерін қалаған, ұлттық мүддемізді әлемдік өркениеттің үздік жетістіктерімен ұштастыру негізінде қазақ қоғамын жаңғыртуды өздерінің мақсаты етіп қойған «Алаш» ұлт-азаттық қозғалысының ізбасарлары екендігіне тоқталып, тамыры тереңге жайылған тарих, археология және этнология факультетімен бірге екі жақты қарым-қатынас негізінде атқарылып жатқан шаралардың нәтижелі болып жатқандығын жеткізді.
Сондай-ақ, факультет ұстаздары да «Ақ жол» демократиялық партиясының мемлекеттік саясатты жүзеге асырып, оның негізгі басымдықтарын халыққа түсіндіру ісіндегі рөлін ерекше атап өтті. Тарихтың төркінінен айналып өтпей, тікелей жұмыс істеп жатқандарына, жастардың жігерін тектіліктің тамырында тулатқанына оң пікір білдірді.
Келелі кездесуге қатысқан тарихшы, профессор Омарбеков Талас өз сөзінде: «Ақ жол» партиясы сөзбен ғана емес, іспен де Алашты қолдайды. Мұның бірден-бір дәлелі жастарды отансүйгіштік пен тарихқа баулып, Алаштықтардың арманын асқақтатудағы елеулі еңбек атқарып келеді», – деді. Т.Омарбеков жиын барысында. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Тарих, археология және этнология базасында жұмыс істеп отырған «Алаштану» ғылыми-зерттеу орталығының жаңа директоры тарих ғылымдарының докторы Светлана Смағұловаға алда атқарылуы тиіс тың идеялардың көп екендігіне тоқтала келіп, ғылыми-зерттеу орталығына толағай табыстар тіледі. Ізгі ниетті қолдаушылар қатарында т.ғ.д., профессор Берекет Карибаев та партия мүшелері мен факультет ғалымдары және студент жастарға сәттілік тіледі.
Өз кезегінде сөз алған «Ақ жол» демократиялық партиясының Алматы қалалық филиалының төрағасы Қуандық Мұхамбетғалиұлы «Ақ жол» партиясы фракциясының білім беру мекемелерімен жастармен жұмыс жүргізу бастамасын қолдайтындығын жеткізді.
Алматы қалалық филиалының төрағасы аталған норма өте өзекті болып табылатындығын айтты. Себебі, руханият көкжиегінде тарихпен таңбалаған бабалар аманатын асқақтату басты құндылықтарымыз болып табылатындығын атап өтті.Сонымен қатар, Қуандық Мұхамбетғалиұлы тарихшы, профессорлар мен студенттердің өзекті мәселелер бойынша қойылған сұрақтарына қанағаттанарлық жауаптар қайтарды.
Кездесу қортындысында «Ақ жол» демократиялық партиясының Алматы қалалық филиалының төрағасы Бискультанов Қуандық «ХХІ ғасырдағы Алаштың ақ жолы» атты құнды кітапты студенттерге сыйға тарту етті.
qazaquni.kz