ҚАЗАҚСТАН ҚЫТАЙ АЗАМАТТАРЫНА ВИЗАСЫЗ РЕЖИМ ЕНГІЗДІ
2020 ж. 13 қаңтар
8676
0
Қазақстан Қытай және Үндістан азаматтары үшін 72 сағат визасыз режимін енгізді. Бұл туралы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі хабарлады.
“Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 30 желтоқсандағы № 1028 қаулысымен Қазақстан Республикасына келудің, болудың және кетудің ережесіне өзгерістер енгізілді. Арнайы транзиттік тәртіп аясында жұмыс істейтін халықаралық әуежайлардың тізімі 4 қаланың әуежайымен толықтырылған. Нұр-Сұлтан және Алматы әуежайларының қатарына Шымкент, Ақтау, Қарағанды және Тараз қалаларының әуежайлары қосылды” делінген министрлік таратқан ақпаратта.
Сондай-ақ, бұл режим күшіе енді. Режим қазақстандық және өзге де шетелдік әуе компанияларымен саяхаттаған екі елдің жолаушыларына да таралады.
Қытай Халық Республикасы мен Үндістан Республикасының азаматтары үшін бұрын енгізілген Қазақстан Республикасына келудің, болудың және кетудің 72 сағаттық визасыз тәртібі 2020 жылғы 31 желтоқсанғы сағат 23.59-қа дейін қолданыста болады.
Осылайша, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Ақтау, Қарағанды, Тараз әуежайлары арқылы қазақстандық және шетелдік әуе компаниялармен саяхаттайтын ҚХР және Үндістан елдерінің транзиттік азаматтары Қазақстан Республикасының аумағында 72 сағаттық визасыз режимді қолдана алады.
Министрлік келтірген мәліметкн қарағанда, Қазақстан арқылы өтетін әуе көлігімен саяхаттаған транзиттік жолаушылар ағыны 2019 жылы 1 млн. жолаушыдан асқан. 2018 жылмен салыстырғанда өсім шамамен 11% болған.
Дереккөз: arasha.kz