"Үй болмаса, адамдар тірі қалар еді" - «Бек Эйр» басшысы
2020 ж. 04 қаңтар
2740
0
Әуежай маңында салынған тұрғын үй болмаса, адамдар тірі қалатын еді. Бұл ұшағы апатқа ұшырап, 15 адамның өмірін жалмаған атышулы «Бек Эйр» әуекомпаниясының қожайыны Нұрлан Жұмасұлтановтың пікірі, - деп хабарлайды "Қазақ үні" ақпарат агенттігі БАҚ-тағы дереккөздерге сүйеніп.
«Үй болмаса, ұшақ қирамас еді, бәрі тірі қалар еді», – деді Жұмасұлтанов Алматыда өткен баспасөз мәслихаты кезінде.
Оның сөзінше, тіпті үйді қоршап тұрған бетон қашаның өзі де ұшаққа қауіпті емес, негізгі мәселе "танк ғана төтеп бере алатын" жер үйде екен.
Еске сала кетейік, желтоқсанның 27-күні Алматыдан Нұр-Сұлтанға бет алған «Бек Эйр» компаниясының ұшағы апатқа ұшырап, соның салдарынан 15 адам қаза тапты.