Иманғали Тасмағанбетовтің анасы өмірден озды
2019 ж. 21 желтоқсан
3280
0
Ресейдегі Қазақстан елшілігі ұжымы Иманғали Нұрғалиұлы Тасмағанбетовке анасы, танымал педагог, жазушы Ділдә Матайқызы Қоқанованың қайтыс болуына байланысты қайғырып көңіл айтты, - деп хабарлайды Қазақпарат.
«Ділдә Матайқызы жас буынның тәрбиесі мен отбасылық құндылықтарды дәріптейтін ағарту ісінің жарқын тұлғаларының бірі еді. Оның білім беру саласындағы еңбектері педагогтардың талай буынына білім көзі болатынына сенімдіміз. Адамды қанша уақыт есте сақтаса, ол сонша өмір сүреді. Ділдә Матайқызы біздің есімізде ар-ожданы, мәдениеті биік, жүрегі таза адам ретінде қалады. Сіздің, туыстарыңыз бен жақындарыңыздың қайғысына ортақпыз», - делінген елшілік сайтының хабарламасында.