"Қазақ үні" сайтына 24 сағатта 100 979 рет шабуыл жасалды
2019 ж. 19 желтоқсан
3370
2
Портал 24 сағатта АҚШ-тан 281 807 рет қаралған
"Қазақ үні" ақпарат агенттігіне 24 сағатта 100 979 рет шабуыл жасалды. Бұл туралы ақпараттық агенттік жұмысын техникалық тұрғыдан қамтамасыз ететін арнайы программистер тобы хабарлады.
Портал 24 сағатта АҚШ-тан 281 807 рет қаралған.
Еске сала кетейік, бұл тәуелсіз ақпарат құралына жасалып жатқан алғашқы шабуыл емес. Бұған дейін портал жұмысына техникалық кедергілер келтірілген болатын.
Атап өту керек, "Қазақ үні" сайты Қазақстандағы үздік қазақтілді интернет-сайт байқауының жеңімпазы.