Перуашев Семей қаласына республикалық мәртебе беруді ұсынды
2019 ж. 18 желтоқсан
2353
0
«Ақ жол» партиясы Қазақ руханиятының ошағы, Абайдың елі – Семей қаласына республикалық мәртебе беру керек деп санайды. Бұл туралы фракция төрағасы Азат Перуашев бүгін Мәжіліс отырысында ҚР Премьер-Министрі А.Ұ.Маминге жолдаған депутаттық сауалында айтты.
Бұл туралы "Қазақ үні" ақпарат агенттігі хабарлайды.
Келесі жылы Президент бастамасымен халқымыздың абызы, заманауи қазақ тілінің құрастырушысы Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы мемлекеттік деңгейде атап өтіледі.
Осыған орай, бүгінде Семей өңірінде бірқатар шаралар қолға алынды. Семей қаласы мен аймағын көтеруге бұрын-соңды болмаған қомақты қаражат бөлініп, гүлденуіне күш жұмсалуда.
«Әрине, халық та Семей қаласының өсуіне, өркендеуіне қуануда. Өйткені, Семей қаласының географиялық орны, экономикалық деңгейі, саяси мұрасы оған әбден лайық. «Алаш Орда» Қазақ ұлттық автономиясының астанасы болған, солтүстік шекараның бойында орналасқан, бүгінде үш жүз отыз мыңдай халқы бар, облыс орталығы емес қалалардың арасындағы ең үлкен елді мекен, автотехника, ұн, цемент, көмір, азық-түлік, жеңіл өнеркәсіп т.б. тауарлар шығаратын ірі өндірістері орналасқан Семей қаласы Абайдың мерей тойынан кейін де қол жеткізген дәрежеден түспеуі керек» - деді Азат Перуашев.
Толық мәтін төменде келтірілген.