Абзал Құспан: КҮРЕСТІҢ ҮЛКЕНІ - ӘДІЛДІК ҮШІН КҮРЕС (видео)
2019 ж. 11 қараша
4625
14
Абзал Құспан Қазақстан Республикасы Президентінің қоғамдық қабылдау комиссиясы мүшесі ретінде азаматтар шағымын қабылдайды
Қазақстан Республикасы Президентінің қоғамдық қабылдау комиссиясы төрайымы - Қазақстан Республикасы президентінің көмекшісі – Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігінің өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі Аида Балаева
Абзал Құспан ҚР Президенті жанынан құрылған комиссия мүшесі ретінде азаматтар шағымын қабылдайды. Бұл туралы ол youtube желісіндегі видеоүндеуінде айтты, - деп хабарлайды "Қазақ үні" ақпарат агенттігі.
- Биылғы жылдың тамыз айында ҚР Президенті жанынан Аида Балаеваның (ҚР Президентінің көмекшісі - ред) жетекшілік етуімен ҚР Жоғарғы Сотының, Бас прокуратураның, Ішкі істер министрлігінің, басқа да ведомство басшыларының қатысуымен азаматтарды қабылдау қоғамдық комиссиясы құрылған болатын. Бұл комиссияға Қазақстанның түкпір-түкпірінен азаматтар өз шағымдарын айтып келеді. Нақты жеке қабылдау барысында олардың проблемалары, аталған тұлғалармен, сонымен қатар, облыс әкімдері, өңір басшыларының селектор арқылы жалғануымен шешімін тауып отырады, - деген Абзал Құспан өзі де азаматтар шағымын қабылдайтынын жеткізді.
Осы комиссияға Президент әкімшілігінің арнайы шақыртуымен, ҚР адвокаттар қауымдастығы атынан қатысып отырған Абзал Құспан "азаматтарға заңгерлік-құқықтық көмегін беретінін" айтты.
- Өмірдің өзі күрестен тұрады. Ал, күрестің төресі - әділдік үшін күрес! Әділдік үшін күрес біздің заманымызда заңдарды білуден және оны қолданудан тұрады, - деді А. Құспан.