Мырзагелді Кемел: Ислам Әбішевті ел болып қорғауымыз керек
2019 ж. 16 қазан
3463
2
Әлеуметтік желіден басқа, шын сырласатын адамдар да қалмай барады, аз-мұз қалғандарын іздеп жүру керек, оған уақыт тапшы... Сондықтан сіздерге жария еткім келгені бүгінде талқыға көп түсіп жүрген Ислам Әбішевтің істі болуына қатысты ойларым еді. Неге бүгін дерсіздер. Олай болатыны – бүгін 14 қазанда, осыдан бір күні кем 7 ай бұрын қамауға алынған, бүгінге дейін тергеу изоляторында отырған Ислам Алмаханұлының (әрі қарай – ИА болсын) сотының нақты басталғаны күніндегі сот отырысына қатыстым. Бұрын сотты болмақ түгілі, өзіме қатысты бір де бір адам мұндай жағдайға ұшырамағандықтан сотқа қатысып көрмеген екенмін. Жетпіс бір жасты орталап қалған күндерімде неге сотқа қатыстым, содан бастайын: 1) ИА – менің жақын жамағайыным, қыз алыспайтын топтанбыз; 2) Көп ұлдың ішіндегі жалғыз қарындасымның күйеуінің туған жездесі, демек - жекжат; 3) Ең негізгі себеп бұл екеуі де емес, ең бастысы – ИА екеуміз де суармалы жердің проблемасымен ауырған адамдармыз. Жолыққан сәттерде қаншама адам қатысып отырғанына қарамастан, екеуден-екеу жұрттың көзінше суармалы жердің жағдайы, еліміздегі 1991 жылы 2,4 миллион гектар болған суармалы жердің, 2012 жылы, яғни 11 жыл ішінде 1,4 млн. гектарға жуығын жоғалтқанымызға, бүгінде жерді алуын алып, қарамай қойған, өзі де пайдаланбай, өзгеге де қимай жүрудің себебін талдып, ұсыныстар айтатынбыз. Осылайша гектарынан 2,5-3,5 мың доллар табыс алуға болатын алтындай жеріміз дұрыс қарамағаннан, сорланғаннан, бастпақтанғаннан, қуаңданғанынан жоғалтым алғанымызды және осы мәселені қалпына келтіру жолдарын ойластыратыбыз. Мен аграрлық экономист ретінде және суармалы өңірде совхоз директоры болғаным үшін, екеуміздің әңгімеміз бір жерден шығып, бұл тақырыптағы пікірталастарымыз еш таусылмайтын. Суармалы жерлерді тиімді пайдалану, олар¬дың көлемін ұлғайту – азық-түлік мәселесін өз күшімізбен шешуге мүмкіндік береді, осы салада көптеген істер атқару жоспарланып, ИА ұйымдастырушы ретінде бар білімі мен білігін жұмсап ұсынған «Суармалы жерлерді дамытудың 2028 жылға дейінгі жоспары» 2018 жылдың желтоқсанында талқыланып, Үкімет қаулысы ретінде дүниеге келгенде қандай қуандық. Өйткені бұл – еліміз үшін экономикамызды өркендетуге қызмет ететін, болашаққа бағдарланға тағдырнамалық құжат дегенбіз. Суармалы жерлерді тиімді пайдалану, олар¬дың көлемін ұлғайту – азық-түлік мәселесін өз күшімізбен шешуге мүмкіндік береді, осы салада көптеген істер атқару жоспарланып, ИА ұйымдастырушы ретінде бар білімі мен білігін жұмсап ұсынғанына куә едім. Өзбекстанның негізгі байлығы – суармалы жерді дұрыс пайдаланудан тұрады. Жасыратыны жоқ, адамдары да еңбекқор. Біздің Мақтаралдың адамдары сияқты. Өзбек елі кортофельді Аргентинадан, қант тростнигін Кубадан, алма мен қызанақты Қытайдан, басқа да өзімізде өндіруге болатын түрлі өнімдерді өзге елдерден тасымалдамайды. Бізде де осыны болдырмау үшін суармалы жердің көлемін 3 миллион гектарға жеткізетін болдық деп шаттанғанбыз. Бұл, біріншіден көкөніс, жеміс, бақша, картофел өнімдерін өзіміз өндіріп, сыртқа да сатуға мүмкіндік береді. Бұдан басқа, қаншама жаңа тұрақты жұмыс орындары ашылады. Өзбекстанда бір гектар суармалы жерде еккен егісіне қарай 5-18 адам жұмыс істейді. Бізде, мейлі әр гектарда орта есеппен 4 адам еңбек етсе, онда 1,2 миллион адам және олардың отбасындағы 6 миллион (әр отбасында 5 адамнан десек) адамның қарыны тоқ, көйлегі көк болар еді. Біздің Үкімет бүгінгі 2 миллион жұмыссыздың жартысын еңбекпен қамтылар еді. ИА осыдан 4 жыл бұрын барлық тексеруші, бақылаушы органдар тарапынан әбден тексеріліп, қызметінен босап қалған кезде Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев тікелей араласып, игілікті жұмысын қайта жалғастыруға мүмкіндік алған еді. Ел иесі ИА туралы 2014 жылдың наурызында: «Абишев И.А. один из грамотных руководителей практиков, вернуть на прежную должность, как несправедливо уволенный» - деп бұрыштама қойған екен. Бірнеше жыл бұрын ИА «397 миллиард теңге жұмсалады» деген жобаны бастан-аяқ тексерсе, бұл жобаға бар жоғы 95 миллиард теңге жетiп артылатынын қолына есепшот алып отырып, санап шығып дәлелдеген. Бұрынғы жобалаушылар, мердігерлер, субмердігерлер, тауарларын ойына келген бағамен сатуға әбден әдеттеніп алған саудагерлер бұған төзгісі келмейді әрине. Олардың бірі ашық майданға шықты, біреулері уақыт-сәтін күтіп, «қай жерден бас көтере алмайтындай етіп жығар екенбіз» деп аңысын аңдып, күтті. Әуелі Құдай және ИА-ның іскерлігі мен адалдығын таныған Елбасының қолдауымен сотты болудан ол жолы аман қалды. Осы қызметіндегі 7 жыл ішінде Су жүйесінің төрағасы ИА-ның басшылық өмірі тұтастай тәуекелден тұрды. Кей тәуе¬келдің қайда апарып соғарын, осы қадамға барғанда алдан не күтіп тұрғанын анық бағамдау қиын екен. «Мен халықтың ақшасын көзсіз шашып жатқандардың алдын орау арқылы мемлекет мүлкінің талан-таражға кетуіне жол бермедім, яғни, мемлекет мүддесін қорып отырмын ғой. Мұным үшін мені ешкім айыптай қоймас», – деген пікірді әлгі үнемделуге тиіс оңтайлы үлесті пайдаланып жатқандар мақұлдай қоймағаны айқын. Өзі айтқан еді: «Су ресурстары комитетінде көптеген жобаларды іске асыруда кемшіліктер бар. Мені Үкімет осы органдағы сыбайласқан, жең ұшынан жалғасқан жемқорлық істерге тосқауыл қойсын деп жіберді. Олай ету қайдан оңай болсын. Кейбір адамдар біздің комитетті жем толы астау деп санайтын болған. Ал да асай бер. Біз жобалардың көбісінің ша¬мадан тыс асыра бағаланып бекітіліп кеткенін көріп отырмыз» деп. Биылғы жылдың 15 наурызы көңілімізді су сепкендей басты. Қандай жүндес қолдардың тапсырмасы екенін білмейміз, 1 триллион қаржыны үнемдедім деп ашық мәлімдеп отырған азамат 7 айдан бері (15 наурыздан-14 қазанға дейін) тергеу абақтысында отырып, сот енді басталды. Мамандандырылған ауданаралық соттың бүгінгі отырысына терең баға бере алмаймын, өйткені бұл істе тәжірибесізбін. Оның үстіне куәларды тыңдау енді басталды. Жалғыз ғана сенеріміз – Президентіміз Қасым – Жомарт Тоқаев ұстанған әділеттілікте. Мен естімегенмін бе, жоқ бұл – әдетке енген нәрсе ме қайдам, бүгінгі прокурордың 50 минуттың сөзінен ұққанымыз – ИА пара алмапты, тек пара алуға әрекеттеніпті. Қойған бағасы да биік – 10 жыл! Қызық. Біреудің қызын әйел етіп қойсаң, жауапты боласың, рас. «Сенің қойныңа кіргім келеді» дегені үшін соттамайтын шығар? Соттаса да 10 жыл сұрай қоймас... Оның үстіне, бүгінгі сот отырысынан байқағанымыз – әңгіме негізінен 60 миллион теңге жөнінде екен. Оның 10 миллионы – Қазақ күресіне жұмсалыпты, оның шығындары көрсетілген құжаты бар дейді. Сонда пара ретінде алуға құмартқан, әлі дәлелденбеген сома – 50 миллион екен. Бұл – бір крутой автокөліктің бағасы немесе интернетте жарияланған Нұр Сұлтандағы оң жағалаудағы (ол беттің үйлері – сол жағалаудан арзанырақ) Әуезов көшесіндегі 10 қабатты үйдің 5 қабатындағы 3 бөлмелі элиталық пәтердің бағасы (56 млн) екен. ИА келісімге келу үшін «алғаным жоқ, бірақ 1 триллион 307 миллион теңгенің бонусын алып қалмасам да, ағайын тумамды асарлатып 50 миллион теңге құрап берсем бола ма?» дей қалса, мен бірінші болып «Хоум кредиттен» 1 миллион теңге алып қосамын. Заң рұқсат етсе. Әңгіме мемлекеттің немесе бір жеке кәсіпорынның ақшасында болса да. Бүгін сот отырысына куә болған 60 адам мен сырттағы 40 адамның ішінен де ИА-ның абыройы мен саулығы үшін қосылатын адамдар табылар. Әзіл ғой, бірақ орыстар: «әзілдің де шындығы бар» демей ме?!. Сәуле Әбілдаханқызының: «Егер Әбішевке 60 млн керек болса, зейнетке шығуға екі ай қалғанда дәл осылай басын бәйгеге тігер ме еді? Есепке, экономикаға жүйрік мықты математик сондай қадамға барады деп қай логикаға салып отыр бұлар? Жас емес, бала емес, шаға емес, екі айдан соң зейнетке кетем деп отырған, өз қадірін, өз алтын басының құнын білетін Әбішевтің мұндай іске былғанбайтыны, былғанбағаны анық. Ол кісінің ақылы мен ары да, білімі де, білігі де, тәжірибесі де, өмірлік мектебі де ондай қадамға баруына жол бермейді. Жүздеген миллиардтарды, тіпті триллионды мемлекетке "артық" деп қайтарып отырған басшы какой-то 60 млн-ға басын бәйгеге тікпейді. Әбішев жемқор болса, сол триллиондарды "бөлісіп" отырар еді ғой!.. Басқа сыятын, ақылға қонатын "жала" ойлап таппадыңдар ма?» дейді. Біз айтқан уәжге сенсеңіздер ҚР Су ресурстары комитетінің төрағасы Ислам Әлмаханұлы Әбішевтің үстінен қозғалған қылмыстық іске орай, еліміздегі су жүйесінің қазіргі заманға лайықталып, судың барынша үнеммен жұмсалуына қызмет еткен, бар мүмкіндікті пайдаланып, суармалы жерлердегі сумен қамтудың мәселелерін оңтайлы шешуге еңбегін арнаған мемлекетшіл, іскер, жаңашыл, креативті менеджер азаматты қорғауға тиіспіз. Ел болып, жұрт болып. Бұл біздің адамдық борышымыз! «Еліме қызмет етіп жүрмін, ойым да, бойым да таза, мемлекетім көркейсе, мен де қоса көркейемін» деп ИА секілді парасатты ойлайтындар азайған заманда, мемлекетшілдігі мен еңбекқорлығы қатар өрілген қайраткер азаматты осылай қорғайық там болмаса... Бүгінгі айыптау қорытындысындағы «Ислам Әбішев пара алуға тырысты» деген солқылдақ тұжырымның қаншалықты дәлелді және ортаға түскен адамдардың адалдығы мен шынайылығына соттаушы органның шешімінің дұрыс болуын Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы да Елдің Иесі ретінде бақылауға алып, мәселенің әділ және адал шешімі шығуына ықпал етуін де көп болып сұралық!
Мырзагелді Кемел, Фейсбук парақшасынан