Көмекке мұқтаж адамдар саны көбейіп барады
2019 ж. 12 қазан
2063
0
Депутаттар атаулы әлеуметтік көмекке мұқтаж адамдардың саны рекордтық деңгейге жеткенін айтып, алаңдаушылық білдіріп жатыр. Айтуларынша, соңғы бірнеше айдың өзінде жәрдемақы алатындардың қатары 500 мың азаматқа артқан.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің дерегінше дәл қазір елімізде екі миллионнан астам адам мемлекеттің көмегіне мұқтаж. Олардың дені – аз қамтылған және көп балалы отбасылар мен мүмкіндігі шектеулі жандар. Жыл соңына дейін оларды қаржылай қолдау үшін бюджетте ақша қарастырылмағандықтан қосымша 37 миллиард теңге бөлу қажет. Мәжілісмендер 2019 жылға арналған республикалық бюджет жобасын қайта қарады. «Бізде небәры 8 миллион адам ғана еңбекке жарамды. Тәуелсіз Қазақстан тарихында мұндай жағдай болған емес. Сонда осы уақытқа дейін қолға алынған ауқымды жұмыспен қамту бағдарламалары нәтиже берген жоқ па? Бұл қалай? Бұған кім жауап береді?» – деді осыған орай қатты таңғалған Мәжіліс депутаты Гүлжан Қарағұсова. Кезінде өзі де жоғары лауазымды қызметтер атқарған депутат бұл сұрақтың жауабын нақты кімнен талап ету керектігін ұмытып қалған сияқты.
qazaquni.kz