Конрад Аденауэрдың қорымен өткен келелі кездесу
2019 ж. 05 қазан
1967
0
Конрад Аденауэрдың қоры «Ақ жол» партиясымен «Парламенттік сайлау – бағдарлама мен кандидаттар. Партиядағы сайлауға дайындық» атты семинар кездесуін өткізді.
Шараға «Ақ жол» партиясының төрағасы Азат Перуашев, қор өкілдігінің директоры Томас Хельм, ХДС партиясының Федеральді офисінің халықаралық қатынастар бөлімінің жетекшісі Бертиль Венгер, ХДС партиясының Федеральді офисінің партия мүшелері мен реформалары жөніндегі жұмыс бюросының координаторы Франк Нибур, парламенттік фракция мүшелері мен партия аппаратының қызметкерлері қатысты.
Қор өкілдері «Германия христиандық-демократиялық одағы» (ХДС) партиясының жұмысы, оған жаңа мүшелерді тарту, партия мен фракцияның қызметі, партияны қаржыландыру мәселелері туралы айтып, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді. Шара барысында халықаралық партиялық ынтымақтастық мәселелері де көтерілді.
Азат Перуашев парламентаралық диалогтың одан әрі жалғасарына сенім білдірді.«Мен, әсіресе, әлеуметтік желідегі, ықпалдастықтың үлкен әлеуетін көріп отырмын. Сіздермен бірлесіп аймақтардағы әріптестерді жұмылдыра отырып, халықаралық семинар, тренингтер сериясын ұйымдастыра алсақ, онда нұр үстіне нұр болар еді», – деді.
«Ақ жол» партиясының баспасөз қызметі