АЛДЫМЫЗДАҒЫ ҚАҢТАР АЙЫНДА ЗЕЙНЕТАҚЫ ӨСЕДІ
2019 ж. 02 қазан
8774
1
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов 2020 жылдың бірінші қаңтарынан зейнетақы өсетінін мәлімдеді.
Министрдің айтуынша, бүгінде республика бойынша орташа зейнетақының көлемі 86 мың теңгені құрап отыр. Ал ең жоғары мөлшері 117 мың теңгеге дейін жетеді. «Өткен жылдың ортасында базалық зейнетақы әжептәуір өсті. Қазір ең төменгі зейнетақының мөлшері – 35 мың теңге. Базалық зейнетақымен бірге 54 мың теңге болып отыр. Бүгінде зейнетақы төлеу жағынан проблема жоқ. Төлемдер уақытында беріледі. 2020 жылы қаңтар айынан бастап біздің барлық зейнеткеріміз үшін зейнетақы төлемдері міндеті түрде өсетін болады. Төлемнің мөлшері инфляцияның орташа деңгейіне қарай есептеледі», – деді Нұрымбетов журналистерге берген сұхабатында.
Қазақстанда 2 миллион 190 мың зейнеткер бар. Олардың ішінде соғыс ардагерлерінің қатары жыл сайын сиреп келеді. Қазіргі кезде республика бойынша 1270 соғыс ардагері тұрады. Бұдан бөлек, 22 мың адам осы санатқа теңестірілген.
qazaquni.kz