Түнгі тексерулер нені көрсетті?
2019 ж. 28 қыркүйек
2129
0
Таразда «Түнгі қаладағы балалар» жедел алдын алу шарасы ұйымдастырылды. Оны «Мүлдем төзбеушілік» Республикалық жедел-алдын алу акциясы аясында Тараз қалалық полиция басқармасының жергілікті полиция қызметінің ювеналды полиция бөлімшесі өткізді.
Бұл шара кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыс пен құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталды. Жастар мен жасөспірімдер шоғырланған жерлерде Тараз қалалық прокуратурасы, Білім басқармасы және «Жастар саясаты» ҚБ бірлесіп жеті рейд ұйымдастырды. Нәтижесінде түн мезгілінде спирттік ішімдік ішкен, қаңғыбастық пен қайыршылықпен айналысқан, түнгі уақытта қадағалаусыз жүрген кәмелетке толмаған жасөспірімдер белгілі болды. «Іс-шара барысында 73 әкімшілік құқық бұзушылық анықталып, 59 хаттама толтырылды»,- деп хабарлады облыстық полиция департаменті баспасөз қызметі. Акция аясында ювеналды полиция қызметкерлері облыс орталығының төрт колледжінде құқықтық сауаттылықты арттыруға бағытталған дәрістер мен әңгімелесулер өткізді. Алдын алу жұмыстары жалғасуда.
qazaquni.kz