Қытай тарапы көрші елдерге қатысты ұстанымын жариялады
2019 ж. 25 қыркүйек
6243
0
ҚХР халықтық өкілдерінің Жалпықытайлық жиналысы тұрақты комитетінің төрағасы Ли Чжаньшу өз елінің басқа мемлекеттерге қатысты ұстанымын жариялады, деп хабарлайды sputniknews.kz.
"Қытайдың дамуы – ол бейбітшілікке апаратын жол. Біз бейбітшілікті бағалаймыз және барынша қорғаймыз. Барлық елдермен тең дәрежелі және достық қарым-қатынас орнатуға мүдделіміз. Біз қысым жасауға және қудалауға қарсымыз. Шағын болсын, үлкен мемлекет болсын, бай ма, кедей ме, әрбір елдің тәуелсіздігін құрметтейміз", - деді Чжаньшу Нұр-Сұлтандағы Еуразия елдері парламенттері спикерлерінің IV кеңесінде.
Оның айтуынша, Қытай өз пайдасы үшін басқалардың, соның ішінде көрші мемлекеттердің мүддесіне қайшы әрекет жасамайды.
"Қытай қарым-қатынасты күшейтіп, өзара сенім мен құрметті нығайту керек деп санайды. Халықтарды жақындастыру үшін сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейтіп, мәдени-гуманитарлық байланысты күшейтуді қалайды", - деп атап көрсетті Чжаньшу.