Ауыт Мұқибек: Ұлттық Кеңес тілге қатысты тарихи сөздің айтылуымен ерекшеленді
2019 ж. 14 қыркүйек
3112
0
Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы қатысқан Ұлттық кеңес отырысы өте жоғары деңгейде өтті. Қ.Тоқаев Қытайдан келетін 55 зауыт туралы әңгімеге нүкте қойды. «Біз өзімізге қажетті зауыттарды ғана аламыз», – деді Президент.
Қазақ тілінің мәртебесі туралы Қазыбек Иса тарихи сөз айтты. Бұл кеңес осынысымен де ерекшеленді.
ҚР Конституциясының 7-бабының 2- тармағын алып тастауды талап етті Қазекең.
Айман Омарова мен Ермек Тұрсыновтың сөзі де көпшілік көңілінен шықты.
Ал, Көші-қон, Қытайда тұратын қандастарымыздың мәселесі неге айтылмады деген сұрақ тууы мүмкін. Мүмкін деймін-ау, телефоныма тыным жоқ. Ағайындар бірінен соң бірі хабарласып, тіпті ренжіп жатыр.
Алаңдамаңыздар, бәрі жақсы болады.
Сабырмен күтіңіздер, қандастар!
Қысқасы, жұрт көкейіндегі сұрақ түгел қамтылды.
Енді осы мәселелер рет-ретімен, кезең-кезеңімен өз шешімін табатынына сенімдімін!
Ауыт Мұқибек,
qu-qu.kz