Семейде Қытай түрмесі салынатыны рас па? Әкімдіктегілер жауап берді
2019 ж. 04 қыркүйек
5955
0
Әлеуметтік желіде Семейде Қытай түрмесі салынатыны туралы ақпарат тарады. Қала әкімдігіндегілер бұл ақпаратты жоққа шығарды.
Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаға сілтеме жасап хабарлайды.
«Қытай инвесторлары Семейде мың жарым орындық түрме салуға ниетті». Соңғы күндері әлеуметтік желілерде осындай ақпарат тараған.
Ақпаратқа қатысты пікір білдірген әкімдіктегілердің сөзінше, бұл төрт жыл бұрын жарияланған ақпарат көрінеді.
«Басқа мемлекеттік мекемелерден мұндай өтішін түскен жоқ», - дейді қалалық жер қатынастары бөлімінің басшысы Құдайберген Сейілханов.