Қасым-Жомарт Тоқаев: Жеріміз шетелдіктерге сатылмайды
2019 ж. 02 қыркүйек
2061
0
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арналған алғашқы Жолдауында қазақ жерінің ешкімге сатылмайтынын қадап айтты.
- Мемлекет басшысы ретінде тағы да мәлімдеймін: жеріміз шетелдіктерге сатылмайды. Оған жол берілмейді. Бұл мәселе бойынша қауесет таратуды доғару керек. Бірақ жерді тиімді пайдалануды қамтамасыз ету – біздің міндетіміз, - деді Мемлекет басшысы.