Ислам Әбіш: Тағы да LRT немесе №3 үндеудің жалғасы
2019 ж. 23 тамыз
2125
0
LRT жобасы қала әкімшілігінің хабарларына сәйкес мына төмендегідей бөліктерден тұрады:
1. Ұзындығы – 22,4 км
2. Аялдамалар – 11
3. LRT трамвайларының саны – 12
4. Автоматтандыру жүйесі GoA – 4, CBTC, ЭСПО хабарландыру және жолаушылар құлақтандыру жүйесі. ОВиК, АПС, АПТ бейне бақылау жүйесі.
Біз талдауды қала әкімшілігінің LRT жобасы алғашқы таныстырып жарияланған (интернетте алғашқы басталған кезде жарияланған) материалдар бойынша және әкімшіліктің 01.08.2019ж, Астана ақшамы газетіндегі мәлімдемесіне сүйеніп жасаймыз.
Газеттегі мәлімдемеге сәйкес,трамвайлардың саны басында 19 болған. Бұл жағдайда интервал 3 минут болған. Оның үстінде аялдамалардың саны ол кезде 18 болған.
Қаржыны үнемдеу мақсатында әкімшілік аялдаманың санын 18-ден 11-ге азайтады,оның үстіне интервалды 3минуттан 10 минутқа ұлғайтады.
Бұдан шығатын қортынды трамвайлардың саны да кемінде 3 есе азайуы керек емес пе? Яғни енді 19 трамвайдың орнына 6 трамвай жеткілікті болуға тиісті.
Әкімшіліктің мәлімдемесіндегі 12 трамвай қалдырғаны түсініксіз. Газетте жазылғандай 7 трамвайды қысқарту арқылы 15млрд теңгеден астам қаржы үнемделетін болса, онда бір трамвайдың құны 2,15 млрд. теңге болады. Артық жоспарланған 6 трамвайға 13,0 млрд теңге артық қаржы жоспарланып отырғанын көріп отырмыз.
Газетте жазылғандай 7 аялдаманы қысқарту арқылы 42 миллиард теңге үнемделмекші, яғни 1 аялдаманың құны орташа есеппен 6 млрд тиеңгені құрап отыр. Әрине ол автобус аялдамасы сияқты емес, ол станция деп аталады. Ұзындығы 35,2 м, ені 21 м, станцияның ауданы 3337 - 4200м2 болады.
Енді былай есептеп көрейік:
Станцияның ауданы 4000м2 деп алсақ,оның жалпы құны 6 млрд теңгені 4000м2 -қа бөлсек 1м2 -тың бағасы 1,5 млн теңге болып шығады. Бұл әрине өте көп 1 шаршы метр 4000 АҚШ долларына жақын.
Мұны да тереңірек талдап қараса кемінде 2 есе арзандатуға сөзсіз болады деп есептейміз.
LRT жолының көрсеткіші
1. Жолдың нұсқасы Эстакада
2. Жердің биіктігі 5,5 метрден жоғары
3. Ұстын (опора) мен
ұстының арасында
жаластыру құрылысы Жеке коробкаға ұқсас балка түрінде
4. Ұстының өлшемі 2,6 х 1,8 метр
5. Эстакаданың ені 9,5 метр
6. Ұстындардың саны 740 бірлік
7. Балкалардың саны 740 бірлік
Барынша артығымен есептеп бір ұстының құнын есептейміз.
Бетон 100 м3 х 30000 =3,0 млн теңге
Арматура 20 тн х 250000 =5,0 млн теңге
Басқа материалдар =2,0 млн теңге
Жұмыс =8,0 млн теңге
Қосымша шығындар =2,0 млн теңге
Барлығы =20,0 млн теңге
Барлық ұстының құны 740 х 20,0 млн.теңге =14,8 млрд теңге
Артығымен есептегенде =15,0 млрд теңге
Бір эстакаданың құнын артығымен есептеп 50 миллион теңгеге бағалайық.
740 х 50 = 37,0 млрд теңге.
1. Ұстындар 15 млрд теңге
2. Эстакада 37 млрд теңге
3. Станциялар 66 млрд теңге
4. Трамвай 13 млрд теңге
5. Депо 5 млрд теңге
6. Көпір 5 млрд теңге
7. Автоматтандыру жүйелері 1 млрд теңге
Барлығы 142 млрд. теңге
Біз бұл есептерді қолдағы мәліметтер бойынша есептедік. Егер техникалық тұрғыдан барлық мәліметтер қолымызда болса нақты есептеп шығуға болады, оның айырмашылығы 10-15 пайыздан аспайтындығына толық сенімдіміз.
Дәл осындай қаржыға салғанның өзінде де бұл жоба өзін-өзі 20 жылда да ақтай алмайды. Түпкі мақсат қаладағы жолаушыларға ыңғайлы жағдай жасау болса оны 5 есе аз қаржымен шешуге болады.
Шешім қала Әкімшілігі мен Үкіметте, біздікі нақты есеппен ойымызды жеткізу.
Халықтың несібесін, сол халықтың өзіне өте керекті жобаларға жұмсап,тиімді пайдалануды еске салу.
Бастамашыл топ атынан
ISLAM ÁBISH
Нұр-Сұлтан қаласы, СИЗО 138 қапас,
22 тамыз.2019 жыл