Президент: Ағылшын тілін оқытуда ата-аналар қалауы ескеріледі
2019 ж. 16 тамыз
4150
1
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Тамыз конференциясында ағылшын тілін оқыту қай сыныптардан басталатынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«3 тілді жүйеге көшу, оқытушылар мен білім беру бағдарламаларының дайындығына қарай жүзеге асады. Бұл ретте ғылыми-жаратылыстану пәндерін ағылшын тілінде оқыту білім орталықтарының кадрлық мүмкіндіктеріне қарай оқушылар мен ата-аналардың қалауы бойынша іске асырылуы тиіс. Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Қазақ тілі үш тілдің біреу болып қалмайды, үш тілдің біріншісі, негізгісі, бастысы, маңыздысы бола береді», деп өте өнегелі ой айтты. Сондықтан ағылшын тілін оқытуды 2-3 сыныптан немесе ата-аналардың қалауына қарай бесінші сыныптан бастау орынды әрі тиімді болады деп санаймын», - деді Президент.