Өскемен тұрғындары көк түтінге тұншығып жатыр
2019 ж. 13 тамыз
1838
0
Өскемен тұрғындары көк түтінге тұншығып жатыр, - деп хабарлайды КТК телеарнасы.
Телеарнаның мәліметінше, түтін қаладағы қоқыс полигонынан тараған. Тұрмыстық қалдықтарды тастайтын аумақтың отқа оранғанына бірнеше күн болған. Алайда полигон әкімшілігі өртпен өз беттерінше күреспек болған.
Бірақ бұл әрекеттерінен түк шықпай кеше кешкілік төтенше жағдай қызметкерлерінің көмегіне жүгінген. Осыған байланысты экологтар қала тұрғындарына әзірше далаға шықпауға, әрі есік-терезелерін қымтап отыруға кеңес берді.
Өрт сөндірушілердің айтуынша, төтенше жағдай туралы хабар дер кезінде айтылғанда, жағдай ушықпас еді.