Ақжолдықтар арыстықтарға көмек көрсетті
2019 ж. 02 тамыз
2758
1
«Ақ жол» партиясы Арыстағы жарылыстан зардап шеккен көпбалалы отбасыға қаржылай көмек көрсетті, - деп хабарлайды партияның Шымкент қалалық филиалы.
«Ақ жол» партиясының Шымкент қалалық филиалының төрағасы А.Абжанов Арыс қаласында болған жарылыстың салдарынан зардап шеккен көп балалы ана Мейрамкүл Байгүбеноваға «Ақ жол» партиясының облыстық және қалалық филиалдарының атынан қомақты қаржыны қолма-қол табыстады.
Өз кезегінде М.Байгүбенова «Ақ жол» партиясына шексіз ризашылығын білдірді.