Депутат аграрлы аймақты аралады
2019 ж. 20 шілде
2147
0
Парламент Мәжілісінің депутаты Екатерина Никитинская жұмыс сапары барысында Қостанай облысының жұртшылығымен кездесті.
Мәжілісмен «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында тұрғызылып жатқан «Юбилейный» шағын ауданындағы мемлекет баспанасының құрылыс жұмыстарымен танысты. Жылдың аяғына дейін жүз шақты отбасы пәтер кілтіне ие болады деп жоспарлануда.
Халық қалаулысы, сондай-ақ, шағын ауданды жылумен қамтамасыз етіп отырған жаңа қазандыққа және жаңадан ашылған Жастар сарайына барды.
Күннің екінші жартысында Никитинская партияның облыстық филиалы белсенділерімен кездесіп, азаматтарды қабылдады.
Осыдан кейін халық қалаулысы Екатерина Никитинская бірқатар Мәжіліс депутаттарымен бірге Қостанай облысының Алтынсарин ауданындағы бірнеше нысандарға барды. Депутатты Шоқай және Докучаево ауылдарына ауыз суды жүргізу жұмыстарымен таныстырды. Ауыл тұрғындары үшін ауыз су тапшы, олар күз мезгілін күтуде. Себебі, күзде мердігерлер әрбір үйге ауыз суды өткіземіз деп уәде берген. Депутаттар халықпен тілдескен соң, ауылдықтардың мәселелерін қарастыруға уәде берді.
Бұдан соң, халық қалаулылары «Зуевка» ЖШС жұмысшыларымен кездесті.
Агроөнеркәсіптің жағдайы жақсы, биыл ауылдағы мектептің шатыр жөндеу жұмыстарын жүргізді. Робототехника сыныбы үшін бір жарым миллион сомасына жабдық сатып алынды. Жергілікті оқушылар мәжілісмендерге күрделі бағдарламаларды игергенін көрсетіп, робот-трактор мен комбайндардың макеттерін ұсынды.
Депутат Никитинскаяның сайлаушылармен кездесуі жалғасуда.
qazaquni.kz