Мәжілісмендер өндірісті өңірде болды
2019 ж. 20 шілде
2033
0
Парламент Мәжілісінің депутаты Меруерт Қазбекова мен «Ақ жол» партиясының облыстық филиал өкілдері қаладағы «Шебер» тігін фабрикасының жұмысшыларымен кездесті.
Фабрикадағы жұмысшылар саны 60-тан асады – олар металлургия мен мұнай өңдеуші зауыт пен ірі кампанияларына арнайы киім тігетін тігіншілер. Депутат «Ақ жол» партиясының жұмысымен таныстырды. Кездесуге қатысушылар мемлекеттік тапсырыстарды алу, дайын өнімді шығару, салық төлеу, зейнетке шығу сынды түрлі сұрақтарын қойды. Қазбекова қойылған сауалдардың барлығына жауап беріп, өз бақылауына алатынын айтты.
Сондай-ақ, халық қалаулысы «Троя» ЖШС ұжымымен кездесті. Өнеркәсіп ірі зауыт пен компанияларға өндіргіш метал шкафтарын шығару және қалалардағы саябақ пен гүл бақтарына арналған металл қоршауларын жасаумен айналысады. Кәсіпорында 60-тан адам жұмыс істейді.
Бүгінгі таңда «Троя» ЖШС өндірістің жаңа бағытын – отандық жиһазды шығаруды қолға алған. Ол үшін неміс жабдықтары да сатып алынған.
Сонымен қатар,»Ақ жол» фракциясының депутаты Меруерт Қазбекова бір топ Мәжіліс депутаттарымен бірге энергетик пен шахтерлардың отаны – Екібастұз қаласына барды. Олар онда жергілікті кәсіпкерлермен, көпбалалы аналармен кездесіп, бірнеше нысандарды аралап қайтты.
Бірінші кезекте мәжілісмендер жергілікті бизнес өкілдерімен кездесті. Олар жылумен қамтамасыз ету сынды мәселелерімен бөлісті.
Бұл кездесуден соң, халық қалаулылары астанадан қалаға «Нұрлы Ертіс» бағдарламасы бойынша көшірілген көпбалалы аналармен кездесті. Қазірге астанадан 100-ден аса отбасы көшірілген, оның ішінде 500 шақты бала бар. Мұнда оларға қолайлы жағдайлар жасалған: жұмысқа, мектеп пен балабақшаларға орналастыру, баспана алу. Көшірілгендердің барлығы төмен бағада жалға пәтер алуда.
Депутаттар, сондай-ақ, оқу орталығының құрылыс жұмыстарымен танысты. Құрылыс нысанының 10 жыл бойы салынып келе жатқанын айту керек. Былтырдан бері құрылыс қайта жанданып, оны 2020 жылы аяқтау қолға алынған.
Мәжілісмендер мектепке дейін гі білім беру ұйымдарының педагогтарымен кездесіп, білім берудің жаңа жүйесі бойынша сұрақтарын қойды. Депутаттар инклюзивті білім беру мәселесін бақылауға алуға уәде берді.
«Ақ жол» партиясының баспасөз қызметі
qazaquni.kz