ҚЫЛМЫСТЫҚ ТОП ҚҰРҒАН ПОЛИЦЕЙЛЕР СОТТАЛДЫ
2019 ж. 20 шілде
2247
0
Ақмола облыстық соты қылмыстық топ құрып, оған басшылық еткен және үздіксіз пара алып келген Степногор қалалық полиция басқармасы бастығының орынбасарынан бастап 4 бірдей жоғары шенді тәртіп сақшысына үкім шығарды.
Олар әртүрлі мерзімге бас бостандықтарынан айырылды. Ғалым Қайшыбеков, Ақмола облыстық сотының судьясы: – Дүйсенбаев Тоқмырза Дүйсенбайұлы ҚР Қылмыстық Кодексі 262-бабының 3-бөлігі, 366-бабының 4-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, 11 жылға бас бостандығынан айырылды. Степногор полиция басқармасы бастығының орынбасарынан басқа Ақсу, Бестөбе полиция бөлімдерінің бастықтары және екі жедел уәкілге 8 жылдан 10 жылға дейін жаза кесілді. Сондай-ақ, олар өмір бойына мемлекеттік мекемеде қызмет істеу құқығынан және шендерінен айырылды. Естеріңізде болса, полицейлерден құрылған қылмыстық топ өткен жылдың наурыз айында қолға түскен болатын. Лауазымды қызметтегі құқық қорғау органының өкілдері «Қазақалтынның» кеніштерінде алтын құрамды кеннің заңсыз айналымын ұйымдастырып, оңай олжаға кенелген. Олардың үйлерін тексерген кезде аммонит жарылғыш заты, детонаторлар және де үлкен мөлшерде ақша табылған. Полицейлер жазаларын қауіпсіздігі барынша жоғары мекемеде өтейтін болды.
qazaquni.kz