Өскемен тұрғындары жаппай көшеге шығып, жолды жауып тастады
2019 ж. 18 шілде
3974
1
Өскемендегі "Восход" бау-бақша қоғамы тұрғындары көшеге шығып, көлік қозғалысына кедергі туғызды. Елді мекенде қарыз салдарынан электр энергиясын өшіріп тастаған, - деп жазды sputniknews.kz.
YK-news порталы хабарлағандай, жарық сөніп қалған соң тұрғындар аптап ыстықта сусыз отыр. Наразы халық көшеге шығып, жолды жауып, көліктерді жүргізбей қойыпты.
Оқиға орнына Өскемен әкімі Жақсылық Омар аттанады. Ол барғаннан кейін тұрғындарға бірден жарық берген.
Қала әкімі қарыздардың себебін анықтау мақсатында жұмыс тобын құруды тапсырды.