Қатты ыстыққа байланысты ескерту жарияланды
2019 ж. 16 шілде
3348
0
Алдағы үш күнде Қазақстанның бес облысында қатты ыстыққа байланысты ескерту жарияланды, - деп хабарлайды "Астана" арнасы.
Синоптиктер ертеңнен бастап Қарағанды облысында, ал 17 шілдеден бастап Маңғыстау, Атырау және Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде ауа температурасы +43 градусқа дейін жоғарылайды. Қазірдің өзінде шілденің шіліңгір ыстығы қалыпты температурадан 2-7 градусқа артық. Қазгидромет мамандары сақ болуды ескертеді.
Лаура САЙЛЫБАЕВА, "ҚАЗГИДРОМЕТ" РМК ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ АУА РАЙЫ БОЛЖАМДАРЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІ ИНЖЕНЕР-СИНОПТИГІ:
Негізі бұл ешқандай аномальді құбылыс деп айтуға болмайды. Себебі қазір шілденің ортасы, жаз айы. Сондықтан күндіз ауа температурасы қатты жоғары болғандықтан далаға сағат 1-ден 5-ке дейін шықпағандарыңыз жөн. Себебі күн сәулесі өте қатты болады.