Алматы әкімдігі жарықтың өшіп қалу себебін түсіндірді
2019 ж. 16 шілде
1828
0
Алматы қалалық Энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасы тұтас қаланың жарықсыз қалуының себебін түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Бүгін 14:14-де «Алматыэнергосбыт» АҚ ЖЭС-2 стансасының қайнар көзінде ақау болды. Соның кесірінен қаланың көп бөлігі электр қуатынсыз қалды. Қазіргі таңда ЖЭС-2 нысанында КЛ-220 кВ бойынша жарық берілді. Қаланы қоршаған сыртқы шеңбер бойынша KEGOC 220 кв желісінде қаланы электр желісіне қосу процесі жүріп жатыр. Бұл нысанды қайта қосуға 1-1,5 сағат уақыт кетеді», - деп мәлім етті қалалық Энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасынан.
Қаланың барлық аудандары кешкі сағат 17:00-де электр энергиясына толық қосылатын болады. Қазіргі таңда қаладағы барлық бағдаршамдардың жұмысы реттелді. Көшелердегі жол қозғалысын реттеуге 400-ден астам жол-партульдік полиция қызметкері шықты. Арнайы жұмыс тобы апаттың себебін анықтап жатыр.