ІІМ: Нұр-Сұлтан мен Алматыда заңсыз митингілер тіркелді
2019 ж. 08 шілде
2160
0
6 шілде күні Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында заңсыз митингілер ұйымдастыру әрекеттері тіркелді, деп мәлімдеді ІІМ баспасөз қызметі.
"Әкімдіктің, прокуратураның бірнеше рет ескерткеніне қарамастан, бірқатар азаматтар тыйым салынған экстремистік ұйымның араңдатушылықтарына ерді. Олардың бірқатары құқық қорғаушы қызметкерлерге қатысты заңға қайшы әрекеттерге барды. Басқа азаматтардың тыныштығы мен қауіпсіздігіне қатер төндірді. Осыған байланысты, ішкі істер органдары қоғамдық тәртіпті бұзушылықтың жолын кесу бойынша заңда қаралған шаралар қабылдады", - делінген хабарламада.
ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, ұйымдастырушылар мен белсенді қатысушылар полиция бөлімдеріне жеткізілді. Кейбіреуінен түтіндегіш құты және травматикалық қару алынды. Тәртіп бұзушыларды ұстау барынша сауатты жүргізілді, арнайы құралдар қолданылған жоқ.
Дереккөз: baq.kz